Алматыда қайтыс болған келіншектің әпкесі Жанар Қадырова сіңлісі Бақтыгүлдің өліміне қатысты тың мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айтуынша, соңғы кездері сіңлісі тым жүдеп, күйзеліс жағдайда жүрген. Алайда, психикалық ауруға шалдығуы мүмкін емес дейді. Оған себеп күйеуінің өмірінде тағы бір әйелдің пайда болғаны дейді ол.
Әдетте, отбасына қатысты сырды ашып айта бермейтін бауыры бұл сырын тек әпкесімен бөлісіпті. Әйел бақуатты, университеттердің бірінде лауазымды қызметте. Жанар ол келіншектің жас отбасына көмектесіп тұратынын да жасырмады.
Әпкесі соңғы уақытта сіңлісінің қаржылық қиындықтар туралы шағымданбағанын айтады. Бақтыгүл үнемі балаларына қамқор болып, аса жауапкершілікпен қарапты.
"Балаларын ешкімге сеніп тапсыра бермейтін", – дейді әпкесі.
Оқиға болған күні күнделікті әдетпен жағдай сұрасқан. Алайда, бірнеше рет телефон шалғанда тұтқаны көтермепті. Айтуынша бауыры 20 қазанда туған күнін, отбасыларының 7 жылдығын атап өткен.
Айта кетейік, бұған дейін марқұмның атында үш несие болғаны туралы хабарлаған едік. Несие жайлы күйеуі Нұрсұлтан Оразов та хабардар болған.