Тексеру кезінде қонақ бөлмесінде еденде ашық сымдары бар электр жылытқышы бар екендігі анықталды.
Екібастұзда су басқан үйден ер және әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13 ақпан күні Екібастұз қаласының тұрғынынан Бұхар жырау көшесі мекенжайы бойынша жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты тұрғын үй-жайды су басқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыртуды пысықтау барысында жер үйден 1959 жылы туған ер адамның және 1965 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
«Тексеру кезінде қонақ бөлмесінде еденде ашық сымдары бар электр жылытқышы бар екендігі анықталды. Бұл факті Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелді»,-делінген хабарламада.