Екі адамның өлімі ашылды

Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын Талғар аудандық жер қатынастары бөлімі бастығының міндетін атқарушы Бек Жамбасбаев із-түзсіз жоғалып кеткен болатын.

Нақтырақ айтсақ, наурыз айының соңына қарай Талғар аудандық ішкі істер басқармасына Бек Әліханұлының жұбайы келіп, өзінің күйеуінің үш күннен бері үйге келмей, жоғалып кеткендігі туралы арыз жазады. Көп ұзамай Көксу ауданына қарасты Алматы-Талдықорған жолына 500 метрдей қашықтықтан «БМВ» маркілі көлік табылады. Көліктің ішінен жоғалған азаматтың құжаттары мен тағы да бір азаматшаның болғанын айғақтайтын заттар мен құжаттар шыққан. Артынша бұл азаматшаның да Алматы қалалық ІІД із-түзсіз жоғалғандар тізімі бойынша іздестіріліп жатқаны анықталады.
Еш хабарсыз жоғалған екеудің құжаттары осылайша бірге табылулары күдікті одан әрі күшейтіп жіберген. Арада бір ай өткеннен кейін жоғалған азаматшаның өлі денесін Көксу ауданының тұрғыны көлік табылған орыннан 2 шақырымдай қашықтықтан тауып алып, полиция қызметкерлеріне хабарласқан. Арнайы жүргізілген тексеру жұмыстары мәйіттің арқа тұсынан тапаншамен атылғанын анықтап береді. Күндіз-түні жүргізілген іздестіру жұмыстары ақыры өз нәтижесін беріп, із кесушілер осы қылмысқа қатысы бар үш күдікті азаматты қолға түсіреді.

Айып ИМАНҒАЗИЕВ, Алматы облыстық ІІД Тіл саясаты және ақпарат бөлімінің инспекторы:
– Олар қызды өз қылмыстарын іске асыруға куәгер болғандығы үшін өлтірген, ал екінші азамат арада туындаған ақша мәселесіне байланысты Алматы қаласында жазаланған. Алдымен қылмыскерлер оны буындырып өлтіреді, артынан мәйітті өртеп жіберген. Қазіргі кезде өртелген мәйіттің қайда жатқанын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілер өз қылмыстарын мойындағандарымен, мәйітті қайда жасырғандарын нақты айтпай отыр. Дегенмен ұсталған үш күдіктінің үстінен адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдарын жүргізу қолға алынды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста