Египетте курортта жүрген әйелдің аяғы мен қолын акула тістеп алған

Египетте курортта жүрген әйелдің аяғы мен қолын акула тістеп алған

Австриялық туристті Египеттің Хургада курортында акула тістеп алған. Бұл туралы 1 шілдеде Ресейдің Хургададағы Бас консулдығы мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Сахл Хашиш ауданында болған.

"Турист Сахл Хашиш аймағында акуладан зардап шекті, акула оның қолы мен аяғын тістеп алған", –  деді дипмиссияда.

Куәгерлердің түсірген кадрларында жапа шеккен әйелдің жағалауға қарай жүзуге тырысқаны көрінеді. Оның айналасындағы су қызғылт түске боялған.

Турист ауруханаға түскен, алайда кейінірек агенттіктің дереккөзі әйелдің жарақаттан қайтыс болғанын хабарлады.

Сахл Хашиш ауданынан Макади Бей шығанағына дейін болған жағдайға байланысты үш күн бойы шомылуға, суға түсуге, балық аулауға және сноубордингке тыйым салынды.

Тағы бір мәліметтерге қайтыс болған Австрия азаматшасының 68 жаста болғаны айтылды. Ол мысырлық азаматқа тұрмысша шығып, онымен бірге осы елде тұрып жатқан.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста