Бүгін және алдағы тәуліктерде суық ауа таралымдары еліміздің барлық аумағына ықпал етпек. Ал шығыс облыстарда дүлей жел соғады.
«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, бүгін Павлодар облысында екпіні секундына 27 метрге жететін күшті жел тұрады. Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында да күн желді болады. Осыған байланысты аталған өңірлерде табиғи өрт қаупі күшейіп отыр. Мамандар алдағы тәуліктерде оңтүстік пен шығыстағы таулы өзендерде су деңгейі құбылуы мүмкін деген гидрологиялық болжам да ұсынады.
Дүлей желден сақ болыңыз!
Последние статьи автора