Дені сау ұрпақ – кемелді болашақ

Дені сау ұрпақ – кемелді болашақ

Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» тармағында азамат­та­ры­мызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулы­ғын нығайту, салауатты өмір салтын ынта­лан­дыру туралы Елбасының Жолдауын егемендіктің кілтін ұстар жастарды бола­шаққа апарар алтын сүрлеу десе болады.
Қазір қоғамымызда халықтың табиғи өсі­мі төмен, сырқаттанушылық және өлім-жі­тім деңгейі жоғары. Әсіресе балалар мен жастардың денсаулығы алаңдатар­лық. Ол­ардың арасында темекі тарту, іш­імдік ішу, есірткіге әуестік, ерте жыныс­тық қаты­насқа бару сияқты келеңсіздіктер кеңі­нен етек алуда.
Есірткінің медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық орталығы­ның мәліметіне қарағанда, 1,5 млн адам есірт­кі дәмін тартқан болса, олардың 250 мы­ңы осы дертке тәуелді болғандар екен. Әсі­ресе кәмелетке толмағандардың осын­дай қатерлі дертке әуестенуі әркімді де ойландыруы тиіс. Республика бойынша есірт­­кіні тұрақты пайдаланатындар саны жыл санап өсіп келеді.
Сонымен қатар нашақорлар тарапынан жасалатын қылмыс саны артып, олардың арасында СПИД ауруына шалдыққандар қатары да артып отыр. Мысалы, Теміртау қаласында өткен жылдың тоғыз айы ішін­де на­шақорлардың қолымен 111 заңбұзу­шылық жасалғаны анықталып, істері сотта қарал­ған. Сондай-ақ Қызылорда облы­сында 20 732 нашақор тіркеуге алын­ған болса, олардың 637-сі СПИД ауруына шалдық­қаны анықталып отыр. Ал олар­дың 48 пайызы қылмыс жасап, қолы был­ғанған­дар көрінеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша, халық денсаулығының 49-50%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20%-ы қорша­ған орта ерекшеліктеріне байланысты екен. Сондықтан жастарымыз адам ден­сау­лығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын сақ­тап, спортпен айналысқаны абзал.
Сөз соңында қайыра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қыз­меткер­ле­рі­нің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз ұғынуға тиіспіз. Салауатты өмір салтын қа­лып­тастырсақ, сонда ғана ол болашақтың жарқын кепілі болмақ.
Гүлайым МАМАДОСОВА, №171 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда қаласы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста