Кеше Алматыда әлемнің бірнеше елінен жиналған жетекші ғалымдар мен дәрігерлер адамзат өміріндегі жаһандық проблемаға айналып отырған демікпе мен аллергия мәселелерін шешу жолдарын талқылады.
Соңғы жылдары клиникалық медицина саласында күн тәртібінен түспей келе жатқан демікпе және аллергия ауруларына арналған басқосуға елімізден бөлек Ұлыбритания, Франция, Германия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей ғалымдары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлеуметтік маңызды ауруларды тұрақты төмендетуге бағытталған денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында өтіп жатқан жиынның дәрігерлердің өзара пікір алмасып, тәжірибе жинақтауына ғана емес, сонымен қатар аталмыш ауруларды тиімді емдеудің жолдарын табуға ықпал етпек. Халықаралық деңгейдегі басқосуға қатысқан ұлыбританиялық профессор Нейл Барнстың сөзіне қарағанда, аллергиялық аурулармен, оның ішінде кең тараған түрі – демікпемен күресу бүгінде айтарлықтай нәтиже бермей отыр. Оған науқастардың ауруға айтарлықтай мән бермейтіндігі әрі дәрігерлердің біліксіздігі себепкер.
Нейл БАРНС, ұлыбританиялық профессор:
– Демікпемен күресуде өте жақсы нәтижеге қол жеткізіп отырғандар қатарында француз дәрігерлерін айтуға болады. Ал аталмыш ауруды емдеу керісінше, оң өзгеріс бермей отырған мемлекеттердің ішінде Германия алдыңғы орында. Жалпы, демікпемен күрестің оңға баспауына ең алдымен науқастар кінәлі десем артық айтқандық емес. Мәселен, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, аурулардың 42 пайызы тиісті препараттарды ішуді ұмытып кетсе,
34 пайызы бей-берекет қабылдайды. Ал жартысына жуығы ауруы сәл басылған соң дәрі қабылдауды мүлдем тоқтатады екен. Әрине, осыдан соң аллергиялық дертпен күрес нәтиже бергені былай тұрсын, қайта оның өршуіне, тіпті созылмалы демікпеге айналуына ықпал етері анық.
Демікпені емдеу мәселелері талқыланды
Последние статьи автора