"Дәрігерлердің ешқайсысы алаңдамай-ақ қойсын": ДСМ басшысы медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақы туралы
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус және пневмония бойынша статистиканы біріктіргенге дейін медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында денсаулық сақтау министрі қазір көптеген дәрігерлерді COVID-19 және пневмония статистикасы біріктірілгенге дейін медициналық қызметкерлерге үстемақы төлеу жағдайлары ескеріледі ме деген сұрақ мазалайтынын атап өтті.
"Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз және әрбір жағдайды жеке-жеке мұқият қарастырамыз. Біздің әріптестеріміздің ешқайсысы бұл мәселе бойынша алаңдамай-ақ қойсын", - деді Алексей Цой
Алексей Цой сонымен қатар қазір денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күресуге күш жұмсауға басымдық бергенін атап өтті.
"Күз келе жатыр. Бұл статистикада өтемақы мен төлемақы ғана емес, ең бірінші кезекте ресрустарды бөлу, болжау, диагностика мен ауруханаға жатқызу мәселелері қамтылады. Бұл міндеттер – қазіргі уақытта басты маңызға ие», - деді ол.
Еске сала кетейік, коронавируспен күреске тартылған және өздері жұқтырған медицина қызметкерлеріне екі миллион теңге мөлшерінде біржолғы төлем төленеді.
Медицина қызметкері қаза болған жағдайда мемлекет оның отбасына 10 миллион теңге төлеуі тиіс.