Невролог дәрігер Александр Евдокимов жүйке ауруы қатерлі ісік ауруының біліне бермейтін белгісі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, жоғарғы немесе төменгі қабақтың еріксіз қозғалуы орталық және перифериялық жүйке жүйесінің проблемаларына байланысты болуы мүмкін. Мұның себептері бет жүйкесінің зақымдалуы, энцефалит, менингит, тіпті ми ісігі болады.
"Егер көздің еріксіз жұмылуы екі айдан астам уақытқа созылса, бұл невропатологтың көмегіне жүгінуге себеп болады", — деді дәрігер.