Дәрі-дәрмек бағасы бес есе қымбаттауы мүмкін

Дәрі-дәрмек бағасы бес есе қымбаттауы мүмкін

Елімізде дәрілік субстанция жасайтын зауыт жоқ.

Қарағандылық фарм компанияларының басшылары дәрі-дәрмектерге қосылатын субстанцияларды тіркеуден өткізу  қымбатшылыққа алып келеді дейді.

Кеншілер өңіріне шет елдерден жергілікті дәріханалар мен ауруханаларға бұл қоспаны жеткізетін жалғыз бизнес өкілі бар. Ол - Ольга Цейц. Кәсіпкердің сөзінше, халықаралық тіркеуден өткен дәрілік қоспаларды елімізге әкеліп, оны қайта тіркеу  бизнестің жабылуына әкеледі.

"Егер тіркеуді енгізетін болса, бизнесіміз тоқтайды. Себебі, дәрілік қоспалардың бағасы екі, тіпті бес есеге дейін шарықтап кетуі ықтимал. Ал,қымбат дәріні кім алады? Бізге мүлдем тиімсіз", дейді Кәсіпкер Ольга Цейц.

Елімізде дәрілік субстанция жасайтын зауыт жоқ. Сондықтан, шет елдерден алынады екен. Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Ермек Әбілдиннің айтуынша, онсыз да халықаралық талаптарға сай, тіркеуден өткен қоспаны елімізде қайта тізімдеу - қарапайым жұрттың да қалтасын қағады.

"Халықаралық стандарттарға сай келіп тұрса, неге ол бізде Қазақстанда тағы да сондай тіркеуден өту керек. Ол әрине кәсіпкерлердің қалтасынан  келіп ұрады. Көптеген шығындар кетеді. Сол шығындардың бәрі әрине қарапайым халықтың, тұтынушылардың қалтасына келіп соғады", дейді Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының президенті Ермек Әбілдин.

Ал, Денсаулық сақтау министрілігі болса, еліміздегі дәрі  дәрмек жасайтын 126 ұйымға алаңдауға негіз жоқ деп сабырға шақырды. 

"Егер субстанцияны растайтын тиісті құжаттар болса тіркеуден өтудің қажеті жоқ. Ал, ешқандай жерде тіркеуден өтпеген дәрілік препараттар елімізде міндетті түрде тіркелу керек", дейді ҚР ДСМ фармацевтикалық қызметті бақылау барқармасынын басшысы Эрик Құлшанов.

Дегенмен, фармкомпания өкілдерінің пайымдауынша, халықаралық дәрежеде тіркеуден өткендер субстанцияларды, елімізде қайта тіркейтін болса, дәрі -дәрмек бағасы 5 есеге дейін қымбаттайды деген болжам айтады. 

Дереккөз: inbusiness.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста