«COVID емес күкірттен ажал құшып жатырмыз!»: Атырау тұрғындары пневмонияның өршуін мұнай компанияларымен байланыстырады

Кешелі-бері әлеуметтік желі бетінде журналист Тәуірбек Жұмабергенұлының еліміздің батыс өңіріндегі әбден асқынып тұрған экологиялық ахуал жайлы жанайқай-жазбасы қызу талқыланып жатыр. Журналист онда адам өмірінінен гөрі ақшаны артық санайтын мұнай компанияларының ауаға жіберіп жатқан улы күкірттің кесірінен қаншама адамның ауруға ұшырап, тіпті кейбірінің ұйқысынан оянбай қалып жатқанын айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

«Дәл қазір «Мұнайлы астана» деп айдар таққан Атыраудың басты проблемасы COVID-19 бен ПНЕВМОНИЯ емес КҮКІРТ болып тұр. Мұнай компаниялары ауаға жіберген осы күкірттің кесірінен қаншама адамның ұйқысы қашты, басы ауырып жүр, аллергия, тіпті кейбірі ұйқысынан оянбай қалып жатыр. Ол кісілердің «Жаны жәннат болсын» деп шектелеміз. Амал жоқ!», - деп күйінеді. 

«Бірақ біз, қашаманға араға күн салып о дүниелік болған жандардың отбасына көңіл айта береміз, а?

Осыны шешіп, «Атыраулықтардың жанын қалай аман сақтап қаламыз?» деген мәселені қазір тірі жан көтеріп жатқан жоқ! Тірі жан! Тек Атыраудың мұнайын «Сору, сору және сору». Сорып, көзден ғайып болса екен, уын шашып кетеді. Иә, күлкілі етіп айтып жатырмын. Бірақ Менің Атырауым дәл қазір қырылып жатыр, қырылып жатыр дем жетпей.

Аты жаман аурудың бізде тез таралып жатқанына да осы КҮКІРТ себепші! Халықтың иммунитетін әлсіретіп жатқан да осы КҮКІРТ! 

Қайран Атырауым, қайран Ақ Жайығым!!! Көзіме жас тығылып тұр. Ол жас қап-қара қанға айналғалы қашан?!

Бір Аллаға аманат! Өйткені қазір биліктен де басқасынан да еш қайыр жоқ! Ал жергілікті тұрғындар «Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайдының» күйін кешіп жүр.
Дәлел керек болса, міне видео! Таңда тұрып ерінбей түсіріп алғам жоқ, әдейі. Сасық иістен ұйықтай алмадым!

Енді, ұйықтап кетсем, бір күні оянбай қалатын сияқтымын...», - деп жазады өзінің facebook парақшасында.  

Жазбаның астында жазылып жатқан пікірлерлер де жетерлік. Барлығы да қаладағы экологиялық ахуалдың тым ауыр екенін айтқан. 

«Күкірт деген Атыраудың символына айналғалы қашан. Муфтах Дияров ағамыз да Атырау халқының қазанның ішінде тұрғандай өмір кешіп жатқанын, ұйықтаса оянбай қалатынын айтудан кенде емес. Бірақ халыққа жаны ашып жатқан билік жоқ, таскерең болып қалған. Атырау халқының тең жартысы ауру-сырқау, мүгедек», - деп жазыпты Гульнара Садыкова есімді қолданушы. 

Сол секілді Руслан Ескаиров есімді қолданушы да компаниялардың түнге қарай улы газ жіберетінін айтыпты: «Түнде выброс жасайды АНПЗ, Тасқалада тұрамыз, түнгі 1-2-де ауа қатты өзгереді, терезе аша алмайсың шіріген жұмыртқаның исі таңғы 5-6 дейін кетпей тұрады, Атырауда 2-күннің бірінде жел болғасын шыдап отырмыз, жел болмаса осы күкірттен қырылып өліп қалатын болармыз, мына індеттен құтылғасын бəріміз шығып наразылық білдіруіміз керек шұғыл түрде»

Тағы бірі «экологтар сонда бұл қалада тұрмай ма!? Ылғи айтатын жауаптары норма, қалыпты деуден танбайды», - деп шарасыздық білдірсе, келесі пікір иесі «не масқара. Неге тексермейді, именно қай компания екенін. Осылай жалғаса беретін болса, ол компанияны жабу керек. Халықты қырмай. Халықты неге ойламайды. Ауаға неге жібереді, улы түтінді. Халық сол ауамен демалып отырған жоқ па. Бір жағынан вирус, екінші жағынан ауаға құртып жатыр халықты. Мұны тексеріп жатқан кісі бар ма?», - қостап ойын білдірген. 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста