«COVID-19 инфекциясының екінші толқынына дайынбыз» - Алексей Цой

Коронавирустың екінші толқынына дайындық ретінде 8,2 миллиард теңгеге 44 түрлі дәрі сатып алынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алексей Цой COVID-19 инфекциясының екінші толқынына дайындық қызу жүріп жатқанын атап өтті. 

«Күз-қыс маусымдарында коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін деген күдікпен бірқатар жұмыстар жүргізілді. Біріншіден, бірыңғай дистрибьютордың (СҚ Фармация &ndash ред.) қоймаларында 2 айлық дәрі-дәрмектің азаймайтын қорын қалыптастыру. 8,2 миллиард теңгеге тапшы және қажет деген 44 түрлі дәрінің түрін сатып алу көзделген. Ол шамамен стационарлардағы 60 мың науқасты 1 ай көлемінде емдеуге есептелген», - деді министр.

Министрдің айтуынша, COVID-19 бойынша 2 айға есептелген дәрі-дәрмек қоры бірыңғай дистрибьютордың (СҚ Фармация &ndash ред.) хабында сақталады.

«2020 жылдың 15 қазанындағы мәлімет бойынша, 5,92 миллиард теңгеге 37 дәрінің түрі сатып алынды. Бұл шара дәрі-дәрмектің резервін құруға мүмкіндік береді», - деді Цой.

Айта кетейік, Қазақстанда 109 623 адам COVID-19 жұқтырды. Осы күнге дейін 105 145 науқас жазылып шықса, 1 768 адам қайтыс болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста