Былтыр Атырау облысының жүргізушілері 241 млн теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған

Былтыр Атырау облысының жүргізушілері 241 млн теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
 «Атырау облысының жүргізушілері 2021 жылы 249 млн 335 мың 283 теңгенің 961 VIP-нөмірін сатып алған еді. Ал, былтыр атыраулықтар 241 млн 307 мың 788 теңгеге VIP-нөмірлер сатып алды. Ең қымбат нөмірдің біреуі 983 мың 250 теңгеге бағаланды. Жүргізушілердің сұранысына байланысты әрқайсысы 786 мың 600, 472 мың 650 және 196 мың 650 теңгеге бағаланған VIP-нөмірлер саудаға шығарылды. Өткен жылы саны мен әріп үйлесімі бірдей 856 мемлекеттік тіркеу белгісі бар нөмір рәсімделді», - делінген хабарламада.
Ад, биыл айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты жоғары сұранысқа ие VIP-нөмірлер құны 196 мың 650-ден бастап 983 мың 250 теңге аралығында құбылады. Мемлекеттік нөмірлер сандық және әріп сәйкестігіне байланысты өзгереді. Ал, қарапайым мемлекеттік нөмірлік тіркеу таңбалары 9 мың 660 теңгені құрайды.

«Мемлекеттік нөмір иесі оны өзге адамға сыйлап немесе сата алмайды. Ал, бұрынғы көлігін сатқан болса, жаңа көлік алғанша – 6 айға дейін мемлекеттік нөмір белгісін халыққа қызмет көрсету орталығында сақтауына болады», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста