Бұршақ, көктайғақ және шаңды дауыл: синтоптиктер ауа райын болжады

Бұршақ, көктайғақ және шаңды дауыл: синтоптиктер ауа райын болжады

Қазгидромет синоптиктері Қазақстанда 22 сәуірдің ауа райын болжады.

Әдеттегідей, Қазақстанның солтүстік жартысында антициклон ықпалы сақталғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың өзге өңірлерінде тұрақсыз ауа райы қалыптасып, кей жерлерде жаңбыр аралас қар жауады. Сондай-ақ, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, оңтүстік-батыста найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Тіпті, бұршақ жаууы мүмкін.

Дабылды ескерту
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстік-шығысы мен шығыс аймағында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Сонымен қатар, 22 сәуірде Үлкен және Кіші Алматы өзені бассейнінде (2 500 метрден асатын биіктікте) жауын-шашын мен шың басындағы қар жамылғысының тұрақсыз күйіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.

Сондай-ақ, Түркістан, Жамбыл, Алматы облысы мен Алматыға іргелес аумақтарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты су ағыны қалыптасып, өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріледі және бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде секундына 17-22 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Өңірлердегі ауа-райы
Жамбыл, Түркістан облысында тұман түсіп, жел күшейеді. Секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысында түнде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі. Секундына 15-20 метр жел соғып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерде желдің күшеюі секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы мен Қостанай облысында түнде және таңертең, ал Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.

Мегаполистердегі ауа-райы
Нұр-Сұлтанда түнде минус 4-6, күндіз 7-9 градус жылы, күн ашық болады.
Алматыда түнде 1-3 градус аяз, күндіз 7-9 температура, жауын-шашын түседі.
Шымкентте түнде ауа температурасы +1, +3 градусқа дейін төмендейді, күндіз +17, +19 жылу болады. Көшпелі бұлт шығады деп болжанды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста