«Бұл не деген бассыздық», – Алматы қаласы Ардагерлер кеңесі мәлімдеме жасады
Алматы қаласының Ардагерлер кеңесі алдағы 9 мамырда соғыс майданында шейіт болғандарға тағзым ету мақсатында өтетін Жеңіс күнінде саяси астары бар митингілер өткізу мәселесіне алаңдап отыр, – деп хабарлайды Алаш айнасы.
«Біз естіп-біліп отырмыз. Бізге бейбіт өмір сыйлаған Қасиетті Жеңіс күнінде әлдебіреулер халықты митингке шақырып, ел-жұртты дүрліктіруде. Бұл не деген бассыздық. бұл не деген ата-баба рухын қорлау, сыйламағандық. Халқымызда, қазақта мұндай надандық ешқашан болған емес. Біздің барлық арандатушыларға айтарымыз біреу. Біз батыр бабаларымыздың қанымен келген қасиетті жеңіс күнін, ардагерлердің рухына тағзым ету күнін саяси мәселе алаңына айналдыруға жол бермейміз. Барлық азаматтарды жеңіс күнінде бос байбалам салатындарға ермей ұлы жеңістің 74 жылдығын ел болып атап өтуге шақырамыз. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына 9 мамырда жер-жерлерде өтетін мерекелік шараларда азаматтардың қауіпсіздігін сақтауды талап етеміз!», – деді Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Шайхутдинов.