"Бұл бізде жабық тақырып": Психолог мамандар балаларды зорлау дерегінен кейін дабыл қақты

Балаларды зорлау туралы бірінен соң бірі тараған ақпарат елді дүр сілкіндірді. Тек бір аптаның ішінде балаларға қатысты үш қылмыс туралы белгілі болды. Олардың бірі Жамбыл облысында, екеуі Алматыда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Тергеу нұсқасы бойынша 30 жастағы ер адам баланы иесіз қалған ғимаратта зорлаған. Оқиға наурыз айында болған, алайда баланың ата-анасы арызды қазір жазған. Кейін күдіктінің имамның көмекшісі екені туралы ақпарат тарады, бірақ имам мұны жоққа шығарды. 

Алматыда жекеменшік мектепте оқитын оқушының әкесі баласының мектепте жәбір көргенін мәлімдеді. Сөзінше, ұлын 7-сынып оқушылары зорлаған. Бұл оқиғалар психологтардың да таңданысын тудырды. Олар мектептерде жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беретін қосымша пәндерді енгізуді ұсынды. 

Ер адам баласының басынан өткен жағдай туралы тек жақында ғана білген. Сұрастыра келе ұлы өзін мектепте 10-12 рет зорлағанын айтқан. Мектеп әкімшілігімен сөйлескісі келген ол өзін мүлде тыңдамағанын мәлімдеді. 

Жаға ұстатарлық жағдайдан соң министрлік құрған арнайы комиссия Алматыға келді. Тексеріс жүргізген мамандар алғашқы нәтижелерімен бөлісті. 

"Бейне бақылау бойынша, санитарлық-гигиеналық, мектепті жарықтандыру және құжаттар бойынша бір қатар тәртіп бұзушылықтар бар. Оқыту-тәрбиелеу ісінде де тәртіп бұзушылықтар анықталды. Барлық істерді білім беру сапасын қадағалау комитетіне бердік", – деді Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев. 

Оқиғадан кейін мектеп педагогы тек ресми хабарламаларға сену керегін мәлімдеген. Сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімі зардап шеккен баланың үнемі балағат сөздер айтатанын мәлімдеді. Әрі мектеп қызметкерінің айтуынша, балалар жалғыз қалмайды, үнемі бақылауда болады екен. 

Полицейлер жасөспірімдердің кінәсі дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін дейді. Алдымен медициналық сараптама нәтижесін күту керек. Ол үш апта көлемінде дайын болады. 

Адвокат Марслен Бабашев барлығының кінәсі дәлелденетініне сенімді. Алайда жасөспірімдердің жазаға тартылуы жас мөлшеріне байланысты дейді. 

"Егер бала оқиға болған кезінде 14 жастан асқан, бірақ 18 жасқа толмаса, кәмелетке толмаған азамат ретінде жауапқа тартылады. Баспасөз мәліметіне сүйенетін болсақ, тек бір бала ғана 14 жастан асқан, яғни жауапқа тартылады. Заң бойынша оқиға мектеп қабырғасында болғандықтан, балаға жауапты педагог жазалануы керек. Сонымен қатар мектептегі лауазымды тұлғалар да", – дейді адвокат Марлслен Бабашев. 

Психолог Наталья Волкова Қазақстандағы мектептерде орын алған оқиғаларға үлкендердің балалармен жұмыс істеуге құлықсыздығынан және мүлде істемейтінімен байланысты дейді. Сөзінше, оқушылар хабардар етілмегендіктен, осындай қайғылы оқиғаға әкеп соғады екен. Әрі жасөспірімдердің көпшілігі жеке шекараны білмейді. 

"Балаларға бұл туралы ата-аналар айтпайды. Өкінішке орай, бізде жыныстық қарым-қатынас және т.б. тыйым салынған тақырып болып саналады. Біріншіден, ата-аналар әңгімені неден бастау керегін, қашан бастау керегін білмейді. Яғни сөйлесе алмайды. Тіпті сұрақтарға қалай жауап беру керектігі туралы кеңес те алмайды. Мамандарды шақырып, мұғалімдердің тек жазу мен оқуды үйретпеу керегіне назар аудару керек. Мұғалім жеке тұлғаны өсіреді. Ол бір нәрсенің дұрыс емес екенін білсе, дабыл қағуға міндетті. Мектептерде психологтар бар, ата-анаға қоңырау шалу керек", – деді психолог. 

Сарапшылар дәл қазір жыныстық тәрбиені қолға алмаса, болашақта зорлық деректері көбеюі мүмкін екенін алға тартты. Олар шенеуніктердің мектеп бағдарламасын қайта қарап, арнайы пән қосу керек дейді. Әсіресе, орта буындағы оқушылар үшін аса маңызды. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы бірінші сынып оқушысы зорланған жекеменшік мектепте арнайы комиссия көптеген заң бұзушылықтарды анықтағаны туралы хабарлаған едік. 
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста