Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, тек Қазақстанның солтүстігінде ғана ауа-райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды bnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының кейбір ауданында тұман түседі, күндіз жел тұрады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда өңірлерінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі күтілуде.