Бүгінгі күннің ауа райы

Қазгидромет 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Қара теңіз аймағындағы циклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді. Кей жерлерде жаңбыр жауады, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

 

Республиканың шығысы және оңтүстік-шығысы жоғарғы атмосфералық қысым алқабында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстігінде және шығысында тұман болады.

 

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

 

Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерінде тұман күтіледі.

 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батыста найзағай күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

 

Ақмола, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

 

Қызылорда, күндіз Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл, түнде кей жерлерде найзағай күтіледі.

 

Шығыс Қазақстан облысында - түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

 

Күндіз Алматы облысында қатты ыстық күтіледі.

 

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста