Бүгін еліміздің батыс аймағы Амал мерекесін тойлап жатыр (фото)

Бүгін еліміздің батыс аймағы Амал мерекесін тойлап жатыр (фото)

Бүгін еліміздің батыс өңірінің тұрғындары Амал мерекесін тойлауды бастап кетті. Бұл мейрамның халық арасында бірнеше атауы бар. Оны кейде "Көрісу", "Қауышу" күні деп те атайды. Қалай десек те, мереке қыстан аман-есен шыққан жұрттың бір-бірін түгендеп, алыс-жақынымен көрісетін күні. Наурыздың 14-і елімізде ресми мейрам болмаса да, батыстағы әр қазақ оны асыға күтеді. Сонымен, Амал мерекесін ел-жұрт қалай атап өтеді?

 
Бүгін еліміздің батыс аймағы Амал мерекесін тойлап жатыр (фото)

Көрісу күні. Фото: lada.kz

1918 жылы Ресей Батыс Еуропа күнтізбесіне ауысқан сәттен бастап, ескіше 1 наурызда тойланатын "Көрісу" 14 наурызға дөп келген.

Амал мерекесінің рәсімдері 

14 наурыз күні таң қылау бере бастағанда ешкім ұйықтап жатпауы керек. Әсіресе, қариясы бар үй ерте оянып, көрісіп шығатын адамдарды күтіп отырады.

Бүгін еліміздің батыс аймағы Амал мерекесін тойлап жатыр (фото)

Фото: kagro.kz

Бұл күні   қазақтар бір-бірімен төс қағыстырып, қауышады. Өкпе-реніштер кешіріліп, татуласады. Адамдар мереке күні  қараңғы түскенше барлық туған-туыс, достарын аралап, мейлінше көп үйдің есігін ашуы тиіс. Амалдың бірінші амалы — көрісу. Қазақ халқы «көрісу» рәсімі арқылы бір біріне «Жыл құтты болсын!», "Бір жасыңмен!" деп тілейді. Жастар үлкендерге сәлем бере барады. Сәлем бере отырып, бата сұрайды. Мереке күні ешкім ешкімге ренжімегені абзал.

Бүгін еліміздің батыс аймағы Амал мерекесін тойлап жатыр (фото)

Фото: e-history.kz

 Адамдар үй ішін жуып, тазалап қояды. Бұл күні адамдар жаңа немесе таза киім киіп шығады.

Бүгін еліміздің батыс аймағы Амал мерекесін тойлап жатыр (фото)

Фото: yvision.kz

Әр үйде бауырсақ, жеті шелпек пісіріліп, дастархан жайылады. Оған арнайы ешкімді де шақырмайды, дастархан күні бойы жиылмауы керек.

Бүгін еліміздің батыс аймағы Амал мерекесін тойлап жатыр (фото)

Көрнекі фото: asiamixtravel.com

Отпантаудың басында от жағу

Бүгін еліміздің батыс аймағы Амал мерекесін тойлап жатыр (фото)

Отпантаудағы амал мерекесі. Фото: mangystauonline.kz

Амал мерекесін өз деңгейінде тойлап жүрген өңір - Маңғыстау.

Бүгін еліміздің батыс аймағы Амал мерекесін тойлап жатыр (фото)

Отпантау. Фото: kerekinfo.kz

Бүгін еліміздің батыс аймағы Амал мерекесін тойлап жатыр (фото)

Фото: mangystauonline.kz

Ол жақта осы жаңару мейрамын теңіз деңгейінен 532 метр биіктікте орналасқан Отпантауда атап өтуді әдетке айналдырған.

Бүгін еліміздің батыс аймағы Амал мерекесін тойлап жатыр (фото)

Фото: mangystauonline.kz

Амал мерекесі қарсаңында, яғни, наурыздың 13-нен 14-не қараған түні ежелгі дәстүр бойынша Отпантауда «Бірлік оты» жағылады. Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, жаугершілік заманда Маңғыстау түбегін мекендеген қазақтар Отпанның басында от жағу арқылы жаудың келгенін хабарлаған. Оны «Ұран оты» деп атаған.

Бүгін еліміздің батыс аймағы Амал мерекесін тойлап жатыр (фото)

Фото: mangystauonline.kz

Бұл мейрам туралы еліміздің Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан өзге аймақтар көп біле бермейді. Айта кету керек, соңғы кездері осы күнді Наурыз мейрамы ретінде тойлау керектігі жайлы мәселе қозғалып жүр.

<video id="yaVideoPlayer_453666" preload="none" style="background-color: rgb(0, 0, 0);" controls="" height="100%" width="100%"></video>
 
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста