Бозжыраға қонақ үй салу мәселесі: Қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді

Бозжыраға қонақ үй салу мәселесі: Қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді

Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалының маңынан салынады деп жоспарланған қонақ үй бойынша да халықтың пікірі екіге бөлінген. Бірі жабайы туризмге шектеу қойып, нысанның салынуын қолдаса, бірі Бозжыраның табиғатына нұқсан келуі мүмкін дейді. Жобаның құны 38 миллиард теңгені құрайды. Ал инвесторлар қонақ үй салынса 200 тұрақты жұмыс орны ашылады деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Осыдан үш ай бұрын басталған Бозжыра маңынан қонақ үй тұрғызу жөніндегі мәселе әлі күнге дейін бір шешімін таппаған. Жоба әзірге нақтыланбаса да, туризмді дамытайық дегендер мен табиғатты сақтайық деп екіге бөлінген қоғам белсенділері әлеуметтік желіде күнде бір жазба жариялап жатыр. Мәселен, белсенді Жәнібек Қожық "аспан астындағы мұражай" үшін туризм мәдениетін қалыптастыру керек деп санайды. Ол табиғатқа кесел келтірмейтін бір орталықтың бой көтергенін құптайтынын айтады.

 
"Дәл қазір Бозжыраға баратын жол жоқ. Бозжыраның басында дәретхана жоқ. Бозжыраның басында тамақ ішетін асхана жоқ. Бозжыраның басында арақ ішіп жатқан адамдарға, машинасын түбіне дейін қойып жатқан адамдарға және басына өрмелеп шығып жатқан адамдарға, аңын атып жатқан адамдарға, жын-ойнақ жасап жатқан адамдарға "әй" дейтін әже, "қой" дейтін Қожа жоқ. Бозжыраның айналасында ештеңе болмау керек осыны бақылау керек. Сонда ғана Бозжыраны алып қаламыз", - дейді қоғам белсендісі Жәнібек Қожық. 

Алайда кейбір азаматтар "жылтыраған әйнекпен, бассейнмен туристерді таңғалдыра алмаймыз, табиғатты сол қалпында сақтау керек" деген пікірде. Бозжыра секілді өзгеріске ұшырамаған жерлердің әлемде өте аз қалғанын айтып дабыл қаққандар бұл аумақты қорғау адамдық парыз деп есептейді. "Визит орталықтың" салынуына қарсы шыққандар қонақ үй маңына тікұшақ алаңы жасалады деген жоспардың қисынға келмейтінін айтып отыр.

"Егер отельдер қазір белгіленіп отырған жерден салынатын болса ол аумақтың табиғилығы жоғалуы мүмкін. Біз ен даладағы жабайы табиғаттың сұлулығын жоғалтуымыз мүмкін. Бозжыра қайталанбайтын оырн. Сондықтан экологиялық баланс , табиғатты сезіну мен жабайы табиғат ол жерде сақталуы тиіс. Өйткені жабайы табиғат қана адамдарды қызықтырып отыр", - дейді  "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин. 

Айта кетейік, Бозжыра шатқалы Қызылсай табиғи паркінің қарамағындағы Жабайұшқан қаумалында орналасқан Үстірт қыратының бір бөлігі. Ежелгі мұхит орнында тізілген бұл жер Маңғыстаудың маржанына айналған. 

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бозжырада қонақ үй салу жобасын қайта қарастыруды тапсырған болатын. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста