Босануға бір апта қалған, аяғының сынығы бар жүкті алматылық әйелді емдеп жазды
27 желтоқсанда Талшын көшеде тайып кетті. Құлау сөзсіз болды және әйел жерге құлап бара жатқан сәтте ішке зақым келтірмеуге тырысып бақты. Бала зардап шеккен жоқ, бірақ әйелдің оң жақ төменгі аяғындағы сүйектері сынды.
Талшынды Төртінші қалалық аурухананың қабылдау бөліміне әкелген кезде, ол жүктіліктің 40-шы аптасында болған.
Травматологтар күрделі мәселені шешуі керек еді: әйелге босануды қоздырмай қалай көмектесуге, сондай-ақ оны балаға зиян келтірместен қалай жасауға болады.
«Жарақат алған жүкті әйелдің бізге әкелінгені туралы хабарланған сәттен бастап консилиум жинау туралы шешім қабылданды. Қабылдау бөлімшесінде науқасты клиниканың жетекші травматолог, ортопед, хирург, анестезиолог және гинеколог дәрігерлері қарсы алды. Тез әрекет ету керек болды. Қыз 27 жаста, ол тұңғышын күтті. Жүктіліктің толық мерзімін ескере отырып, көмек көрсетудің бірнеше әдістері қарастырылды. Хирургиялық емдеуді жүргізу туралы шешім қабылданды – сүйек кемігі ішілік бұғатталатын өзекшемен асықты жіліктің остеосинтезі. Бұл әйелге кесарь тілігіне жүгінбей босануға, сондай-ақ тез аяққа тұрып, сәбиді күтуге мүмкіндік берер еді», - дейді Алматы қаласының №4 Қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Марденова.
Шұғыл түрде әйел ауруханаға жатқызылып, реанимацияда байқалды. Операцияны қабылдау бөлімінің меңгерушісі Магадин Хайроев жүргізді, оған жетекші травматолог Константин Морозов көмек көрсетті. Операцияға құрамында акушер-гинеколог және неонатолог бар №4 перзентхана дәрігерлерінің бригадасы қатысты. Операция 1,5 сағатқа созылды. Бұл травматологтан зергерлік дәлдікті талап ететін процедура, сондықтан операцияішілік рентген жүйесі қолданылды.
«Сүйек кемігі ішілік бұғатталатын өзекшемен оң жақ асықты жіліктің жабық остеосинтезі жасалды. Бұл сыртқы бекітуге жүгінбестен сүйек сынықтарының қосындысы. Остеосинтез сынықтардың толық біріктірілгенге дейін мықты бекітілуін қамтамасыз етеді. Бұл әдістің артықшылығы оның ең аз жарақаттануы болып саналады, сонымен қатар біз науқастың отадан бірнеше күн өткен соң сынған аяғына күш сала алатындығын қалаймыз», - деді дәрігер Магадин Хайроев.
Әрі қарай, дәрігерлер табиғи босануды күтуге шешім қабылдады, бұл нәрестеге қосымша күйзеліссіз туылуға мүмкіндік береді. №4 перзентхананың Акушер-гинекологтары жүкті әйелге ауруханада күн сайын барып тұрды. Дәрігерлер ота кезеңі мен отадан кейінгі кезеңді бастан өткерген Талшынның ерлігіне тәнті болды. Әйел үрейге бой алдырмады және дәрігерлерге ерекше табандылықпен есте қалды.
Әрі қарай Талшын босануға № 4 перзентханасына ауыстырылды, ал 2 қаңтарда ол ұл туды.
«Біз жұбайымыз екеуміз төртінші қалалық аурухана мен перзентхана дәрігерлеріне өте ризамыз. Олардың көмегінің арқасында босану сәтті өтті. Ұлымыз 3 кг 400 гр салмақпен дүниеге келді, атын Сұлтан деп койдық. Бұл жарақат пен отадан кейін бір апта өтті, мен енді жүре аламын. Мен дәрігерлердің қолында өткізген барлық уақытымда, шынайы ықыласпен қамқорлыққа қоршалдым. Құдай ақ халаты абзал жандарға мызғымас денсаулық берсін», - дейді Талшын шыққан күні.