Болат Бақауов тергеу изоляторында сотқа дейін қала беретін болады

Бүгін Павлодар облыстық сотында өңірдің бұрынғы басшысы Болат Бақауовтың қорғаушылары тарапынан бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш қаралды. Сот шешіміне сәйкес, экс-әкім сотқа дейін тергеу изоляторында қала беретін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/bbakauov

Бүгін сот отырысы жабық режимде өткен.

"Болат Бақауовқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту өтініші өзгеріссіз қалды. Қорғаушылардың өтініші қанағаттандырылмады. Апелляциялық қаулы заңды күшіне 2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап енеді. Бұл шешім өзгертуге жатпайды", - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Әнел Құсанова.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, біршама уақыт бұрын экс-әкімнің туыстары қазынашылық органдары арқылы кепілдік ретінде қосымша екі миллион теңге төлеген. Ал бұған дейін тергеу сотында бұрынғы облыс басшысының туған ағасы Марат Бақауовтың 1 млн теңге кепілдік төлегені белгілі болды.

Еске сала кетейік, 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.

16 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты 15 қаңтарда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді.

17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты Бақауовты екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

Сонымен қатар, сотта 2016 жылдан бері өңірге басшылық етіп келген Бақауовтың не үшін күдіктеліп жатқаны айтылды.

21 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды.

nur.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста