Жекпе-жек әсерлі болып, барлық раундқа созылды. Кездесу барысында екі боксшы да нокдаунға түсті. Нәтижесінде үш төрешінің екеуі жеңісті Камбососқа берді. Осылайша, австралиялық боксшы жеңіл салмақтағы әлемнің талассыз жаңа чемпионы атанды.
Джордж Камбосос өзінің жеңісті сериясын 20 жекпе-жекке дейін ұзартты. Теофимо Лопес үшін бұл жеңіліс мансабындағы алғашқы жеңіліс болды.