Блогер Елшіндер ойнатқан атышулы ГИВ дауы бойынша тергеу басталды

Блогер Елшіндер ойнатқан атышулы ГИВ дауы бойынша тергеу басталды

Белгілі блогерлер Ақмарал және Жанерке Елшіндер ойнатқан атышулы ГИВ дауы қылмыстық іске дейін баруы мүмкін. Өйткені ұйымдастырушылар өзін Ақмаралдың қорғаушысымын деп таныстырған Руслан Ысқақ есімді азамат қысым көрсетіп, видео түсірткенін айтты. Олар Руслан Алматы қалалық полиция департаментінде 13 қаңтар күні өзін тергеуші ретінде таныстырып, таңғы 4 ке дейін қинап ұстады деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Елшіндер отбасымен ГИВ ойнатқан Нұрлыбек есімді жігіт видео түсіріп, желіге жариялады. Ол Руслан Ысқақ есімді азаматтың үстінен арыз жазыпты. Айтуынша, Руслан өзін тергеуші деп таныстырып, қорқытып, мойындатпақ болған. Сонымен қатар жігіт Ақмаралға тиісті ақшасын бергенін айтады.

 
"Қараша айында мен Ақмаралмен ГИВ өткізу жайлы, қызмет көрсетуге арналған келісім шартқа отырдық. Ол үшін мен оған 10.000.000 теңге төлеп, өзіме алған міндеттемені толығымен орындаған  едім! Арамызда көлік туралы ешқандай келісім болмаған!", - деді ГИВ ойындарын ұйымдастырушы Нұрлыбек Мамысбек.

Нұрлыбек Ақмаралмен болған келісімшартта "Хюндай Акцент" көлігі жайлы сөз болмағанын айтады. Ал бұл ойында "біздің де кінәміз бар" деген Ақмарал Елшін керісінше, ұйымдастырушылардың алаяқтық жасайтынын білмегенін айтады. Сөзінше, сол ГИВ ойнатқан күні Нұрлыбек Ермұрат деген жігіт екеуі автокөлікті өздері ұтып алмақ болған. Ол үшін арнайы генератор программа құрастырып, сол бойынша ойнатайық деп өтінген. Ақмаралдың айтуынша, Руслан ешкімді қорқытпаған, ағалық қамқорлық көрсеткен.

"Ақмарал, уайымдамаңдар. Бәрі әділ ғой, әділдік болса болды, не үшін уайымдайсыңдар" деп қолдау көрсетті. Қорқытатын үркітетін заман емес, заң бар ертең бес минутта артыңнан келіп дәлелдеп бере алады", - деді блогер Ақмарал Елшін.

"Ойыннан от шықты" деген Ақмарал ұйымдастырушылар халықты арнайы бағдарламамен алдағысы келгенін мәлімдеді.

Ал IT-мамандары ГИВ жеңімпазын генератордан басқа хэштег пен кездейсоқ сандармен анықтайтын бірнеше алдамшы бағдарламалар бар екенін айтады.

Полиция департаменті болса, өз ғимаратына бөгде азаматтың қалайша кіріп, тергеуші рөлін сомдағанын анықтайтын сияқты. Өйткені, фейсбукте "билік иесінің атын жамылу" фактісі бойынша тергеу басталғанын жариялапты. Бірақ тергеу Руслан Ысқаққа қатысты ма, жоқ па - айтпаған.

Бұған дейін Жанна есімді келіншек блогер Жанерке мен Ақмарал Елшінді кінәлады. ГИВ ойнап, ұтқан көлігін ала алмай жүргенін айтты. Жанерке байқаудың ұйымдастырушыларына өзі де алданғанын айтып ақталды.

Біршама уақыттан соң Жанна мен Ақмарал, Жанерке Елшіндер татуласқанын айтып, көпшілік алдына бірге шықты.

Жақын күндері ГИВ ұйымдастырушы Ермұрат желіде кешірім сұрап кінәсін мойындағаны туралы видео тарады. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста