“Бізбен бірге қырып, алып тастасын”: Алматыда тұрғын үйдің сүрілетініне қарсы тұрғындар бас көтерді

“Бізбен бірге қырып, алып тастасын”: Алматыда тұрғын үйдің сүрілетініне қарсы тұрғындар бас көтерді

Алматыда құрылысы аяқталмаған жаңа тұрғын үйдің сүрілуіне қарсы тұрғындар жиналып, бас көтерді. Ал сот құрылысшының заңсыз түрде үй тұрғызғанын анықтап, осындай шешімге келген еді. Бүгін, 30 шілдеде тұрғын үй орналасқан ауданда 300-дей адам жиналып, қарсылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде жүктелген бейнежазбаға сүйенсек, құрылыс басына жиналған тұрғындар өздерінің үйсіз қалатындарын айтып, тұрғын үйді бұзуға қарсы шыққан.

Жиналғандардың айтуынша, құжаттардың барлығы дұрыс болғанына қарамастан сот үйлерді сүруге шешім шығарған.

“Бұл жерге келген отбасылардың мүшелері барлығында қосқанда мыңға жуық. Сонда бұл үйді құлатып, сонша жыл жинаған қаржылары далаға кетпек пе? Бұл адамдардың құқықтары тапталып жатыр. Заңсыз әрекет кім жауап береді?”, - дейді видеодағы әйел дауысы.

Сондай-ақ жиналғандардың алдына үйді салған жауапты азамат құрылыс басына келіп, барлық құжаттардың дұрыс екенін айтып, дәлелдеп берген.

Ләззат Ракишева есімді азамат халықпен ойнауға болмайтынын айтып, бүгін болған жиналыста жиналғандардың “егер үйді сүруге жіберсе біз жатып аламыз, біз бен бірге қырып алып тастасын” деп талап қойғанын айтады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы “Жайсан” тұрғын үй кешені сүрілетіні белгілі болған. Осыдан кейін тұрғындардың жаппай наразылығы басталған.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста