Биыл елімізде 1,5 мыңнан астам сайт бұғатталды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«Кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстардың 60% астамын айналасындағылар жасайды. Атап айтқанда, әкелер, өгей ата-ана және жақын таныстары. Мұндай қылмыстардың 40%, былай айтқанда 16 жасқа толмаған адаммен ерікті келісім негізде жасалады. Қазақстанда мұндай қылмыстарды көбіне 18 жастан 25 жасқа дейінгі адамдар жасап жатады», - деді Ренат Зұлхайыров.
Оның айтуынша, жыныстық сипаттағы қылмыстарға моральдық тәрбиенің төмендігі мен интернет кеңістігінің ашықтығы кесірін тигізіп отыр.

«Біз Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге заңсыз мазмұндағы мәліметтерді анықтаймыз. Биылдың өзінде осындай сипаттағы 5 мыңнан аса сайт белгілі болды. Бүгінде оның 1,5 мыңнан астамы бұғатталды», - деп түйіндеді комитет төрағасының орынбасары.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста