Синоптиктердің болжамына сәйкес алдағы аптада елімізде қатты аяз болып, ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылардың назарына!
Синоптиктердің болжамына сәйкес алдағы аптада елімізде қатты аяз болып, ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Ауа температурасының төмендеуіне орай дизельмен жүретін көліктердің отын жүйесінің қатып қалуы әбден мүмкін. Осыған орай республикалық маңыздағы күре жолдарда штаттан тыс жағдайларды болдырмау үшін Ұлттық оператор бірқатар өңірде дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізбек.
Республикалық автожолдарды пайдаланушыларды алыс сапарға шықпауға және ауа райы болжамын жіті бақылап отыруға шақырамыз.
Күре жолдардағы ахуалды 1403 байланыс орталығына қоңырау шалып, білуге болад