Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
10-12 тамызда Ақтөбе облыстың оңтүстігінде 35-36 градусқа қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
10 тамызда Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды қаласында 10 тамызда найзағай соғады.
10 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.
Петропавлда 10 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
10 тамызда Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 40 градус өте қатты ыстық болады. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Оралда күндіз 37 градус қатты ыстық күтіледі.
10 тамызда күндіз Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
10 тамызда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.
Көкшетауда 10 тамызда найзағай күтіледі.
10 тамызда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
10 тамызда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында 10 тамызда найзағай соғады.