Аралас жекпе-жек бойынша әлі бір рет те жеңілмеген Мовсар Евлоев енді Қазақстанның намысын қорғайды. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол өз ұлты ингуштардың, сонымен қатар, Ресей азаматы болғандықтан осы елдің атынан шығатынын жазады.
"Бүгіннен бастап Arlan MMA Pro Team тобының құрамында сайысқа түсемін. Бұл топ көптеген спортшыларға жәрдемдеседі", - деді Евлоев.
Сөзінше, оған жақсы гонорар ұсынған. Десек те ол клубтың намысын қорғағаны үшін ақы алмайтынын жеткізді.
Бұған қоса, ол Қазақстанды өзінің екінші отаны санайтынын айтады.
"Пәлен жерде алтын бар, өз жеріндей қайда бар", - деп қазақтың мақалын мысалға келтірді спортшы.
Айта кетсек, Arlan MMA Pro Team тобы "Атамекен" ұлттық палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен 2019 жылы құрылған.