Бір миллион тұрғын остеопорозбен ауырады

Бір миллион тұрғын остеопорозбен ауырады

Денсаулық сақтау мамандарының соңғы есептері бойынша, республикадағы әрбір үшінші әйел және әрбір бесінші ер адам остеопорозбен ауыратын көрінеді. Яғни  миллионға жуық қазақстандық сүйек тіні тығыздығының әлсіреуінен зардап шегеді. Бұл туралы кеше Алматыда өткен жиында Остеопороз бойынша Қазақстан дәрігерлері қауымдастығының президенті Гүлжан Ғабдуллина айтты.

Жыл сайын қазанның 20-сында әлемнің сексеннен астам елі остеопорозбен күресудің халықаралық күнін атап өтеді. Елімізде тірек-қимыл жүйесінің үдемелі дерті әсіресе Алматы облысы және қаласында кең етек жаюда. Себебі бұл аймақтарда йод тапшылығынан болатын қалқанша безі ауруларының жиілігі өте жоғары. «Қалқанша безі сүйек тінінің тығыздығының төмендеуіне әкеп    соқтырады. Оңтүстік астанада 40 жастан асқан 200 мыңнан астам әйелдің отыз пайызы остеопорозға шалдыққан. Бұл шамамен 80 мыңға жуық адамды құрайды», – дейді С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің кафедра меңгерушісі Бақытшолпан Исаева. Статистикалық мәліметке сүйенсек, сан сүйегінің мойны сынған адамдардың басым бөлігі ұзақ уақытқа төсекке таңылып, тек 25 пайызы ғана емделіп шықса, әрбір бесіншісі жарты жыл ішінде көз жұмады. Жалпы, бұл ауру бойында ұзақ уақыт жасырын түрде дамып, тек сынықтардан соң ғана анықталатын болғандықтан, оны медицина саласының өкілдері жасырын дерт деп атайтын көрінеді. Дегенмен бұл қауіпті дерттің алдын алуға болады. Ол үшін мамандар жұртшылыққа тұрақты физикалық жаттығулармен айналысып, құрамында кальций мен Д дәрумені бар тағамдарды көбірек тұтынуға кеңес береді.


Гүлжан  ҒАБДУЛЛИНА,  Остеопороз бойынша Қазақстан дәрігерлері қауымдастығының президенті:
– Остеопорозбен күресті күшейтпекпіз. Ол үшін сүйек тінінің тығыздығының әлсіреуін болдырмау және оны емдеуге байланысты мемлекеттік және жеке бюджет секторларында қаржы қарастыруды көздеп отырмыз. Ал келер жылы «Сақ болыңыз: остеопороз!» арнайы бағдарламасы жүзеге асырылады. Оның басты мақсаты – денсаулық сақтау мамандары мен тұрғындарды осы дерт жайлы ақпараттандыру.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста