Ішкі істер министрлігі шетелдік автокөліктерді заңдастырудың бесінші күнінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін заңдастырудың бесінші күні 24 438 өтінім алдын ала мақұлданды.
Бес күн ішінде ел бойынша 3 652 көлік заңдастырылды.
Көлік иелеріне қазақстандық техпаспорт пен мемлекеттік нөмір берілді.
Айта кетейік, шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтар күні басталған болатын.