Қазақстанның белгілі мемлекет және саяси қайраткері Бердібек Сапарбаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) қызметкерлерімен кездесу өткізіп, мемлекеттік қызметтегі өз тәжірибесі туралы айтып берді. Бұл туралы Azattyq Ruhy министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әр жылдары Бердібек Сапарбаев түрлі мемлекеттік және саяси лауазымдарды атқарды, оның ішінде республиканың 5 өңірін басқарды, екі рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және ҚР Премьер-министрінің орынбасары болды.
Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев Еңбекминінің жас қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Бердібек Сапарбаевқа «Еңбек ардагері» медалін табыс етті.