Bek Air әуекомпаниясының мүлкі тәркіленді
Сот Bek Air әуе компаниясының мүлкін пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сот ҚР Азаматтық авиация комитетінің топтық шағымын қанағаттандыру үшін Bek Air әуе компаниясының мүлкін пайдалануға тыйым салды», - делінген хабарламада.Сатып алынған әуебилеттер сомасын қайтару үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінарыз жазып, сотқа жүгінген. Ведомство мәліметінше, әуекомпаниясы сот талқылауы кезінде мүлікті сата алады. Сондықтан 20 сәуірде сот Bek Air мүлкіне тыйым салды.
Айта кету керек, 22 сәуірде сотта Азаматтық авиация комитетінің тоқтатылған рейстердің билетін алған клиенттердің қаражатын қайтару үшін «Bek Air» АҚ шағымы қаралды. Комитет 560 қазақстандықтың мүддесін қорғады. Олар 37 млн теңгеге 1070 билет сатып алған.