Батыс Қазақстан облысындағы тасжолда жүк көлігінен жүргізушінің мәйіті табылды.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода оқиға куәгері болған жайт туралы әңгімелеген.
"Көлік қозғалтқышы жұмыс істеп тұр, тоңазытқыш қосулы. Маштаковода, Қазақстан жағында тұр. Қазір полиция шақырылды", - дейді видео авторы.
Жүргізушінің қайтыс болғаны туралы ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Оқиға кеше (22 қаңтарда &ndash Sputnik) болды. 1964 жылы туған жүргізушінің мәйіті табылды, ол Алматы облысының тумасы", - деп хабарлады полиция.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп толықтырды баспасөз қызметі.
Ер адамның неден көз жұмғаны әзірге белгісіз.   
https://t.me/jexenews/6494