Батыс Қазақстанда трактормен елсіз жерде қалып кеткен екі ер адамның бірі көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шыңғырлау ауданында екі ер адам трактормен ауылдан шығып кеткен.
Трактор Бөрлі ауданына жеткен кезде олардың бірі қаза тапты.
Белгіленген аумаққа жету мүмкін болмағандықтан, марқұмның туыстары құтқарушыларға жүгінген.
"Біздің қызметкерлер арнайы техникамен жолда қалғандарға көмектесуге барды, аймаққа жету мүмкін болмады. Содан кейін тікұшақ тартылды. Ер адамның бірі ауруханаға жеткізіліп, марқұмның денесі полицияға тапсырылды", - деп хабарлады министрлік.
Полицейлер 1984 жылы туған ер адамның денесі сараптамаға жіберілгенін айтты.
"Адам өлімі фактісі бойынша іс тіркелді. Өлімнің себебін сот-медициналық сараптама анықтайды", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.