Батыс Қазақстан облысында басқарма басшыларынан бастап облыстық әкімдіктің қызметкерлеріне дейін қызметтік көліктерін тастап, таксимен жүре бастады. Жауаптылар бұл әдістің бюджет қаражатын үнемдейтінін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
24 басқарма қызметкері қызметтің бұл түріне жылына 15 миллион теңге жұмсайды. Бұл бюджет қаражатын әжептәуір үнемдейді, дейді жауаптылар.
“Такси таңертең 9-да қызметкерлерді жұмысқа алып келеді, содан кейін сағат 1-ге дейін ешқандай жиналыстар болмаса, өзіміздің қала тұрғындарымен диспетчер арқылы байланысып, әрі қарай өздерінің тапсырыстарын орындай береді”,-дейді "AQJAIYQ" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарушы директоры МЕЙІРБЕК НҰРКЕН.