Бас прокурор қаңтар оқиғасының негізгі ұйымдастырушысы кім екенін айтты
Бас прокурор қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылар туралы айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Мәжіліс отырысынан кейін Бас прокурор Берік Асылов журналистердің сауалдарына жауап берді.
"Біз Кәрім Мәсімовті басты ұйымдастырушы дей аламыз ба", - деп сұрады журналистер.
"Мемлекеттік төңкеріс жасау, оған дайындық болған. Негізгі ұйымдастырушылар - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды: Мәсімов пен оның орынбасарлары бар", - деді Асылов Мәжіліс кулуарында.
"Яғни, Мәсімов басты ұйымдастырушы ма? Бұл дұрыс па? Тергеу бойынша ма", - деп тағы сұрады БАҚ өкілдері.
"Иә деп айтуға болады", - деп жауап берді Бас прокурор.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу