Бас прокурор елордада ерекше балаларды ұрып-соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Елордадағы инклюзивті балабақшада болған жантүршігерлік оқиға қайталанбауы тиіс. Балаларды қорлауға, жәбір көрсетуге жол бермеуіміз қажет. Бұл факті бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеу барысы бақылауға алынды. Бүлдіршіндерді қорлағандар заң алдында жауап береді», - деп жазды Бас прокурор Берік Асылов Twitter парақшасында.