Банктің қызметін пайдаланар кезде нені білген жөн?

Банктің қызметін пайдаланар кезде нені білген жөн?

Банктің өтімділігі деген не? Бұл сұрақтың жауабын экономика саласынан хабардар емес кез келген адам біле бермейді. Өтімділік ұйымның қолда бар активтерді қысқа уақыттың ішінде жақсы бағамен ақшаға айырбастауға болатын мүмкіндігін сипаттайды. Бұған қоса инвестиция құралдары да өтімді және өтімді емес болып бөлінеді. Ал бүгінгі материалымызда біз сіздерге банктің өтімділігі жайлы айтып бермекпіз. 

Жусан

Банктің өтімділік деңгейін білу неліктен маңызды?

 

Өтімділік - ұйымның сенімділігі мен нәтижелігін анықтайтын маңызды көрсеткіш. Біріншіден, бұл индикатор мекеменің несиеге қабілеттілігін аңғартады. Белгілі бір кәсіпорынмен серіктестік жасау үшін оның қаржылық болашағын бағдарлай білу қажет. Бұл тұрғыда, егер мекеме қаржы саласында қызмет етсе, оның өтімділігін саралап алған жөн. 

Өтімділік түсінігі банктерден бөлек кез келген ұйымдамрға, құнды қағаздарға, жылжымайтын мүлікке, көлік және т.б. жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі құнды заттарға қатысты. Экономикалық жүйеде өтімділігі ең жоғары құрал - ақша болып саналады. 

Банктің өтімділігі оның қызметін пайдаланушылардың, инвесторлар мен несиегер алдында өз міндеттерін жедел атқаруын анықтайды. Қаржылық ұйымның міндеттемелері нақты, әлеуетті және шартты болуы мүмкін. Ал банктің өтімділігіне сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. 

Банктің өтімділігі қалай басқарылады?

Банктің өтімділігін қамтамасыз ететін бірнеше кіріс көздері бар. Ішкі кірістерге банктің өз бюджеті - кассадағы және қордағы қаражат пен кез келген уақытта ақшаға айырбастауға болатын басқа да активтер (несиелік портфель, құнды қағаздар, алтын т.б.) жатады.  

Ал өтімділіктің сыртқы кіріс көздері ретінде қажет кезде тартуға болатын құралдарды атауға болады. Мәселен, солардың бірі - Ұлттық банктен немесе екінші деңгейлі банктердің арасында алуға болатын несиелер.

Қаржылық ұйымдар өтімділікті басқару үшін әртүрлі тәсілдер қолданады. Мысалға осы мақсатта қаржының түсуі мен шегерілуін көрсететін есептік күнтізбелер құрастырылып, төлемдік позициялары бекітіледі. 

Банктің өтімділігі оның теңгерімінің өтімділігімен тікелей байланысты. Ал теңгерімнің өтімділігін ұстап тұру үшін банктер корреспонденттік шотындағы қажетті және жеткілікті қаражат қорын, кассадағы қолма-қол ақша, тез өткізілетін активтерді сақтауы міндетті. Осылайша қаржы ұйымдары банктің өтімділік деңгейін қолда ұстап тұра алады. 

Банктер өтімділік деңгейін басқару үшін қолданатын тәсілдер:

  • жедел, ағымдағы және ұзақмерзімді өтімділік жағдайын сараптау;
  • қысқамерзімді өтімділік болжамын дайындау; 
  • өтімділік деңгейін сараптау арқылы жағымсыз жайттарға жоспар құру (нарықтың құлдырауы, несиегерлер мен несие алушылардың жағдайы); 
  • өтімді құралдарға деген банк сұранысын анықтау;
  • өтімділік деңгейінің жоғарылап немесе төмендеп кетуін анықтап, оның рұқсат етілген көрсеткішін сақтап қалу;
  • шетелдік валютада жүргізілген операциялардың өтімділік деңгейіне әсер етуіне баға беру;
  • әрбір валюта бойынша өтімділік коэффициенттерін есептеу. 

Кәсіпорындар мен түрлі ұйымдардағы өтімділік деңгейі бірнеше қаржылық индикаторлары бойынша есептеледі: олардың ішіндегі ең маңыздысы арнайы формуламен шығарылатын өтімділік коэффициенті. Бұл коэффициент арқылы өтімділігі әр түрлі, қолда бар активтердің бағасы мен қазіргі міндеттемелердің қосындысын салыстыруға болады. 

Коэффициент түрлері: 

  1. Жалпы өтімділік коэффициенті. Бұл кәсіпорынның қысқамерзімді міндеттемелерін өтеуге қабілеттілігін көрсетеді. 
  2. Ағымдағы немесе жедел өтімділік коэффициенті ұйымның міндеттемелердің қай бөлігін ақша немесе қаржылық инвестиция арқылы өтей алатынын көрсетеді.  
  3. Абсолютті өтімділік коэффициенті мекеменің жедел түрде қарызын өтей алатын қысқамерзімді міндеттемелерін көрсетеді. 

Қолда бар ақша немесе оған эквивалентті құралдар, инвестиция және дебиторлық берешек арқылы ұйымның ағымдағы міндеттемелерін қаншасын өтей алатынын білу үшін жедел өтімділік коэффициентін білген жөн. Бұл индикатор кәсіпорынның қаншалықты төлем жасауға қабілетті екенін анықтайды. 

Айта кетерлік жайт, банктің өтімділігіне баға беру күрделі үрдіс. Десек те соның арқасында "банк өзінің міндеттемелерін орындай алады ма?" деген сұраққа жауап табуға болады.

Осы тұрғыда ҚР Ұлттық банкінің талабы бойынша екінші деңгейлі банктер 10 миллиард теңге жеке капиталының болуы міндеттелгенін атап өткен жөн

Биыл Jýsan Bank Ұлттық Банкінің бастамасымен қолға алынған активтер сапасын тәуелсіз бағалауды сәтті аяқтады. 

"Бұл оң нәтижелерді банктің өткен жылғы жаңа менеджментінің арқасында қол жеткізуге мүмкін болды. Біз бизнес үрдістерді оңтайландырып, First Heartland Bank-пен бірігіп, мобильді банкингті іске қосып және нарыққа жаңа карта өнімдерін шығардық. Бұған қоса несиелік портфельдің жұмысын қалпына келтіру үшін шаралар атқардық. Соның арқасында былтырғы жылдың төртінші тоқсанында пайда көлемін 35 млрд теңгеге жеткіздік", - дейді Jýsan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып. 

2020 жылдың 1 қаңтарында банктің активтері 1 330 млрд теңгені құрады. Ал банктің өтімділік коэффициенті 0,3 реттеуіш талаптарын ескере отырып, (K4) – 7,133 жеткен. Бұл дегеніміз белгіленген көрсеткіштен 23 есе көп. Осылайша Jýsan Bank Қазақстандағы ең ірі он банктің көшін бастап тұр. 

"Өтімділіктің жоғарғы қоры мен жеке капиталының жеткіліктігі Jýsan Bank тұрақтылығы мен сенімділігін айқындап тұр. Сондай-ақ бұл көрсеткіштерден банк нарықтық позициясының дамыта отырып, ондағы үлесін көбейтіп қана қоймай, несиелік портфельдерін жетілдіріп жатқанын байқауға болады", - деп қосты Jýsan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып. 

Бүгінгі күні Jýsan Bank қазақстандықтарға арналған қаржылық қызметтердің тиімділігін одан сайын арттыруға бағытталған жоспарын іске асыруда. 

 
 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста