Мамырдың 10-ы мен маусымның 10-ы аралығында«Балапан» телеарнасында анимациялық сериал сценариіне байқау жарияланған болатын. Енді бүгін сол байқаудың қорытындысы анықталды.
16 автордан келген 31 сценарийді қазылар алқасының мүшелері «Қазақстан» ҰТА аймақтарға хабар таратуды дамыту жөніндегі дирекцияның директоры Қайнар Олжай, кинотанушы Бауыржан Нөгербек, «Қазақстан» ҰТА «Бағдарламалар өндірісі»,ШБ атқарушы продюсері Серік Аббасов және «Балапан» телеарнасының директоры Ләйлә Сұлтанқызы мен аталмыш телеарнаның режиссері Қарлығаш Әбдібаева талқыға салды. Қазылар алқасының шешімімен Кеңес Дүйсеннің «Тұран баһадүрлері» атты сценарийі ең үздік деп танылды. Ер, Би, Нұр атты үш кейіпкердің ерекше қимылдары, «кеңістік сағаты» арқылы әр дәуірге саяхат жасауымен ерекшеленді. Идеясы тың, қойылған талаптарға сай келетін сценарийді бас жүлдеге лайықты деп таптық. Автор енді әрқайсысы 7 минуттық 20 сериялы мультфильм түсіруге мүмкіндік алады.
«Балапан» «Тұран баһадүрлерін» таңдады
Последние статьи автора