Балалар тұйық әрі ашуланшақ болып кеткен: Соңғы жылдары қазақстандық оқушылар мен олардың білім көрсеткіші қалай өзгерді?

Балалар тұйық әрі ашуланшақ болып кеткен: Соңғы жылдары қазақстандық оқушылар мен олардың білім көрсеткіші қалай өзгерді?

Елімізде 21 маусым - 5 шілде аралығында ҰБТ өтіп жатыр. Биыл 130 мыңнан астам түлек сынақтан өтіп, бақтарын сынайды. Аталмыш емтиханға күдікпен қарайтындар да баршылық. Десек те бұл Қазақстандағы білім сапасын анықтайтын сынақтардың жалғызы емес. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әлем мемлекеттеріндегі білім алушылардың жетістігін бағалау үшін әрбір үш жыл сайын PISA зерттеуін жүргізіп отырады. Соңғы жариялаған мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда білім деңгейі күрт төмендеген. Бұған не себеп? Stan.kz тілшісі анықтап көрген еді. 

оқушылар

PISA - 15-жастағы білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы деңгейлерін бағалайтын халықаралық зерттеу.

 

Жобаның үйлестірушісі - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы. Зерттеу білім беру саласындағы жетекші халықаралық ұйымдардың қатысуымен Консорциум арқылы іске асырылады. 

PISA-2000 бірінші кезеңіне 43 ел қатысты, оның ішінде 34 ел - ЭЫДҰ-ның мүшелері. PISA-2015 кезеңіне 71 ел қатысты. 2018 жылы зерттеуге тағы да 11 елдің қосылуы жоспарланып отыр.  

Зерттеу басты мақсаты - білім алушылардың қоғамда толыққанды қызмет атқарулары үшін алған жалпыға міндетті білімдері мен ептіліктерін, функционалды сауаттылықты қаншалықты меңгергенін бағалау .

Сонымен қатар, білім алушылардың оқу жетістіктеріне әсер ететін әртүрлі факторларды қарастырады. Бұл - әлеуметтік-экономикалық аспектілері, білім беру ұйымдары мен жасөспірімдердің мектептен тыс білім алу мүмкіндіктерінің сипаттамалары.

PISA жобасы әртүрлі білім беру жүйесін салыстыруға және ұлттық білім беру стратегияларын әзірлеуде ЭЫДҰ жетекші елдерінің тәжірибелерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Зерттеу үш жылдық кезеңмен өткізіледі. Әрбір кезеңде басым бір бағыты анықталады.

Қазақстан аталмыш зерттеуге 2009 жылдан бастап қатысып келеді.

Осы орайда сіздерге Қазақстанның зерттеудегі нәтижелерін ұсынамыз. 

график

Қазақстандық оқушылардың арасында зерттеу көрсеткіштерінің төмен болуы жайлы еліміздің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пікір білдіріпті. Сөзінше, бұл жағдайға бірнеше факторлар әсер еткен. Атап айтсақ: 

Біріншіден, тест Қазақстан үшін алғаш рет компьютерлік форматта өткен. Тесте өткен сұрақтарға кері қайту мүмкіндігі болмапты. Ал қалыптасқан әдет бойынша оқушылар қиын сұрақтарға қайта оралуға немесе өз жауаптарын қайта қарауға үйренген. Мұнда, қағаздағы нұсқамен салыстырғанда, олай жасай алмайды.

Екіншіден, PISA-дағы нәтижелерді жақсарта алатын біздің білім беру жүйесіндегі өзгерістер 15 жастағы білім алушыларға әлі де әсерін тигізбепті. Өйткені, PISA-2018 қатысушылары – жаңартылған білім беру мазмұнына көшпегендер. 

Үшіншіден, зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың негізгі бөлігін 9 (44%) және 10-сынып (53,4%) оқушылары құраған. Басқа елдерде мектепке қабылдау жасы нақты бекітілгендіктен, тиісінше, PISA қатысушыларының көпшілігі бір параллельден болыпты. 

Төртіншіден, Назарбаев зияткерлік мектебінің нәтижелері білім беру бағдарламаларының тиімділігін көрсетіпті. НЗМ оқушыларының нәтижелері оқу сауаттылығынан 511 балды, математикадан 554 және жаратылыстанудан 526 балды құрады. Олардың көрсеткіштері PISA-2018-дегі көшбасшы елдердің нәтижелеріне сәйкес көрінеді. 

Бұған қоса министр PISA-2018 қорытындысы бойынша алынған үлкен талдау материалының бір бөлігі ғана екенін атап өтті. 

Аймағамбетов жаңа оқу бағдарламасынан күтетін үміті зор екенін айтады. Оның сөзіне сүйенсек, 2021 және 2024 жылдары жаңа білім жүйесіне көшкен оқушылардың білім деңгейін байқай аламыз. 

Айта кетейік, 2015 жылы халықаралық зерттеуге тек Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қатысқаны үлкен дау тудырған еді. Дәл осы жылы қазақстандық шәкірттердің білім көрсеткіштері күрт өсіп кеткендіктен, ұйымдастырушылар Қазақстанның нәтижелерін ескермей, елімізді әлемдік сауаттылық картасынан алып тастаған. Яғни, халықаралық сарапшылар қысқа уақыт ішінде қазақстандық оқуышалырдың білімділік деңгейі бұлай өсуі мүмкін емес деп ойлаған. 

карта

Журналист Данияр Сәбитов та бұл нәтижелерге күдікпен қарайтынын жеткізіпті. 

"Зерттеуге қатысқандардың жартысына жуығы, 2 061 адам Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары. Олардың санына түзетулер енгізілгені айтылыпты. Бұл өзгерістерді қазақстандық шенеуніктер енгізді ме, жоқ әлде PISA ұйымдастырушылары ма? Егер зерттеуге қатысқандардың тең жартысы элиталық мектептің білім алушылары болса, бұл түзетулердің маңызы қандай?" - дейді журналист. 

Өз кезегінде шенеуніктер бұл жайтқа Қазақстанның қатысы жоқ екенін айтып ақталған. 

"Біздің бұл іске қатысымыз жоқ. Бұл халықаралық зерттеу. Ұйымдастырушылар өздері келіп зерттеу жұмыстарын жүргізді", - депті білім және ғылым министрлігінің өкілдері. 

Ал 2015 жылғы зерттеуде Қазақстан туралы былай деп жазылған: 

"Қазақстанның ұлттық бағалаушылары зерттеу кезінде қатал болмаған. Яғни, кодталған тапсырмалар PISA стандарттарына сәйкес келмегендіктен бұл елдің нәтижелері ескерілмей, халықаралық деректер базасынан алынып тасталды. Кодталған тапсырмалар - PISA бағалауында өте маңызды дүние. Сол себепті Қазақстанның нәтижелерін басқа мемлекеттердің көрсеткіштерімен салыстыруға келмейді".

Алайда бұл жағдай қазақстандық шенеуніктерді ұялтпаған сыңайлы. Себебі олар ешнәрсе болмағандай, 2015 жылғы зерттеу нәтижелерін жариялап жіберді.

оқушылар

Аталмыш тақырып аясында біз білім беру жүйесінің тәуелсіз сарапшылары лигасының мүшесі, қоғам қайраткері, журналист Гүлбану Әбенованың пікірін білген едік:

"Соңғы он жылда білім беру жүйесі түпкілікті өзгергенін айтпаса да белгілі. Алайда өзгерістер тек жақсы жаққа немесе жаман жаққа алып келді деуге де болмайды. Кейбір көрсеткіштер өзгерістердің артықшылықтарын көрсетсе, ал басқалары керісінше, кемшіліктерін айқындады. Әрине, оң өзгерістерді халық қалыпты жағдай деп қабылдайды, сол себепті кемшіліктер ғана көрініп қалады. Мысалы ҰБТ-ға қатысқан оқушылардың орташа көрсеткіші, халықаралық байқауларда және пәндік олимпиадаларда жүлделі орын алған шәкірттердің саны өсті. Бірақ PISA нәтижелері төмен болды. Гранттар саны артып, қазақстандық ЖОО-лардың әлемдік рейтингтерде дәрежесі көтерілсе де, университет бітірушілердің жұмысқа орналасуы қиындаған. Мектепке дейінгі балаларды білім беру орындарымен қамту өскен, бірақ тәрбиешілердің жауапсыздығы жиі байқалады", - дейді сарапшы. 

Бұған қоса ол білім алушылардың жетістіктерін бағалау көрсеткіштеріне 10 жыл бұрынғы оқушылар мен қазіргі білімгерлердің қабілеттерінің әртүрлі болуы әсер ететінін жеткізді. 

"Қазіргі оқушылар алдынғы буын өкілдерінен "цифрлы сауатты" болуымен ерекшеленеді. Бүгінгі күні балалар мектептің табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап, қолдарында смартфонмен және ұстаздарға "сен" деп еркін сөйледі. Бірақ екінші жағынан, балалар тұйық болып кеткен. Олар бір-бірімен араласудың орнына, желіде отырғанды жөн санайды", - деп қосты Гүлбану Әбенова. 

Сондай-ақ маман қашықтан оқу алдағы уақытта білім сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Себебі қазір ауыл-аймақтар оқушылар техникалық жағынан біраз қиындықтарды көруде. 

"Негізі қашықтан оқыту білімнің сапасына жағымды әсер етеді деп айту қате. Мәселен, біздің заңнамада қашықтан оқу деген түсінік жоқ, бұл жағдай тек мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана қатысты. Аяқталған оқу жылының төртінші тоқсанындағы қорытындыларға қарайтын болсақ, біраз мәселелер туындап жатқанын аңғаруға болады. Сол себепті төтенше жағдай, карантин немесе басқа да жайттар білімнің сапасына кері әсерін тигізбеуі үшін білім беру жүйесін сол жағдайда бейімделген болуын ескеруіміз қажет", - дейді қоғам қайраткері.

Сарапшы Қазақстандағы PISA көрсеткіштері жайлы да сөз қозғады. Сөзінше, ұйымдастырушылардың біздің тараптан кеткен қателіктерді байқап, еліміздің 2015 жылғы нәтижелерін ескермеуі өте ұят жағдай. 

"Алдағы уақытта мұндай жайт қайталанбайды деген үміттемін. PISA зерттеуін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ұйымдастыратынын ескеріп өту керек. Ал алдыңғы қатарда орналасқан мемлекеттерді басып озу үшін көп күш салу аса маңызды. Бұл тек ұстаздар мен оқушыларға ғана қатысты дүние емес, Қазақстанда зерттеуге қатысатын ұйым да барынша әділ болуы керек", - дейді сарапшы. 

Гүлбану Әбенова соңғы зерттеу нәтижелерінің төмендеуіне әсер еткен факторларды атағанда министрмен толығымен келісетінін жеткізді. 

оқушылар

Сарапшының зерттеу нәтижелеріне оқушылардың сабаққа бейімділігі мен ынтасы әсері етеді деген сөзімен білікті ұстаздардың бірі, математика пәнінің мұғалімі Сәуле Нұрбекова да келісіп отыр. Сөзінше, қазіргі кезде балалардың мүмкіндіктері жетерлік. 

"Қазіргі балалардың керекті ақпаратты табуға және өз білімін жетілдіруге мүмкіндіктері мол. Десек те менің ойымша бағдарламада беріліп жатқан материал терең емес. Әр тақырыптың бетін ғана қарастырып жатқан сияқтымыз. Мектеп бағдарламасы қазіргі уақытқа икемделген, яғни бала қаласа жалғасын өзі тапсын деген оймен жасалған секілді" , - дейді тәжірибелі ұстаз. 

"10 жыл бұрын бала басқаларымен жарысып оқып, төмен баға алса намыстанатын. Әркімнің үлгерімін күнделікті бақылап отыратынбыз. Ал қазір біз электронды күнделікке нақты баға қоя алмаймыз. Ал мұны байқаған оқушылар сабаққа салғырттық танытады.

Тоқсандық қорытынды баға бөлім бақылау жұмысы мен тарау бойынша бақылау жұмысының нәтижелеріне негізделіп шығарылады. Бұған қоса компьютер мен телефонды қолдарынан тастамайды. Мұның да кері әсері байқалады. Балалар өте ашуланшақ болып кеткен. Егер тақтада тұрған оқушының қатесін айтатын болсаңыз, бірден ашуға булығып шыға келеді", - дейді Сәуле Нұрбекова. 

Сөзінше, қазіргі балалар өз бетінше кітап оқып, ізденуді қойған. Оқушылар интернетті жиіпайдаланып, дайын нәрсені көшіріп алып келуге дағдыланған. Мұнымен қоса ұстаз қашықтан оқытудың қиыншылықтарына да тоқталып өтіп, алдағы уақытта оның білім сапасына тигізер кері ықпалын алға тартты. 

"Меніңше, қашықтан оқу кезінде балалардың білім деңгейі әлдеқайда төмендеді. Онлайн, электронды сабақ өткізу қиын, бәріне бірдей қолжетімді болмауынан дәрісті Whatsapp, Telegram мессенджерлері арқылы түсіндірген кез де болды. Тіпті, компьютерді жақсы білетін жастардың өздері заманауи технологиялардың артықшылықтарын пайдалана алмады. Аудиожазбаларды жіберуге шектеу қойылған кездер де болды. Бірақ олай істейін десек бала сабақты түсінбей қалады. Ұстаздарға қиын болды. Біз қанша сыныпқа сабақ береміз, сондағы әрбір оқушымен жеке-жеке сөйлесіп, оларға жаңа тақырыпты түсіндіруге тырыстық. Тіпті, кешкі сағат 22:00-ге дейін отырған кездер болды. Қашықтан оқыту білімсіздікке алып келетін секілді", - дейді оқытушы. 

Ұстаздың айтуынша, қашықтан оқыту әсіресе, математика мен басқа да ғылымдарға арналған пәндерді оқытуға қиын болған. 

"Біздің мемлекет қашықтан оқытуға дайын емес деп ойлаймын. Мысалы, математика пәнінде бала мен ұстаз арасында қарым-қатынас болуы керек. Оқушы тақтадағы қатесін өзі көруі керек, басқалары оның қатесін түзеп үйренуі қажет. Қашықтан оқыту кезінде, төменгі сынып оқушыларын қоя тұрғанда, 9-10 сыныпта оқитын балалардың өзі түсінбей, жеке-жеке сұрап жатты", - дейді ол. 

Бұдан бөлек мектеп ұстазы жаңадан енгізілген бағдарлама бастауыш сыныптар үшін әлдеқайда қиын екенін ескеріп кетті. Десек те ол бұл жайттың білімділік деңгейін арттыратынына сенімді екенін жеткізді. 

Жаңа бағдарлама мен қашықтан оқытудың тигізген әсерін енді тек болашақта жүргізілетін зерттеудің қорытындыларынан көре аламыз. Десек те қазіргі білім беру үрдісінің оқушылардың біліміне кері әсер ететінін сарапшы мен ұстаздардың өзі мойындап отыр. Мұнымен қатар келер жылдардағы ҰБТ қорытындысы тағы бар. Сондықтан да өскелең ұрпақтың оқуға деген ынтасының көтерілуін тілеуден басқа амал жоқ. 

Дайындаған Дидар Халық


 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста