Байқоңырдағы "Буран" зымыранының иесі табылды

Байқоңырдағы "Буран" зымыранының иесі табылды

"Буран" зымыран кешенінің иесі табылды. "Байқоңыр" зымыран-ғарыш компаниясының бас директоры Дәурен Мұса зымыранның жеке тұлғаға емес, "Байқоңыр" ЗҒК-на тиесілі екенін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырда сақталған "Буран" кемесінің иесіне іздеу салған еді.

Осыдан кейін "Байқоңыр" зымыран-ғарыш компаниясының бас директоры Дәурен Мұса тың ақпаратпен бөлісті.

​"Құрметті Дмитрий Олегович (Рогозин), "Буран 1.02" және ПМ "ОК-МТ 0.07" ғарыш кемелері жеке тұлғаға тиесілі емес, "Байқоңыр"РКК" АҚ балансында. Біз ғарыштық компаниямызды және осы зымырандарды сақтау үшін көп ресурстар жұмсадық. Бұл біздің ортақ тарихымыз", - деп жазды Дәурен Мұса.

Айта кетейік, "Буран" зымыраны -  95-97% ұшуға дайын болған және монтаждау-жанармай құю кешенінде орналасқан кеменің екінші көшірмесі. Ашық мәліметтер бойынша, ол 1991 жылы "Мир" станциясынан ұшуы керек еді.

Ал "Буран" орбиталық кемесі өзінің алғашқы және жалғыз ғарыштық ұшуын 1988 жылдың 15 қарашасында жасады. Ұшу ұзақтығы 205 минутты құрады, кеме жерді екі рет айналып өтті. Ұшу борттық компьютер мен борттық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, автоматты режимде экипажсыз өтті. Бұл факт Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста