Ажырасудан Оңтүстік Қазақстан көш бастап тұр
Әділет министрлігіндегілер Қазақстанда тіркелген некелер мен ажырасқан отбасылардың саны қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомстводағылардың ресми сауалға берген жауабында Қазақстанда 1 тамыздағы жағдай бойынша 75 701 некеге тұру актісі мен 31 469 ажырасу актісі тіркелгені айтылады.
Некеге тұру дерегі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары көш бастап тұр. Онда 11 279 неке тіркелген. Кейінірек тізімде Алматы - 9 278, Алматы облысында - 8 034 некеге тұру актісі тіркелген. Елордамыз бұл тізімнің 4-орнына тұрақтады. Астанада биыл 6 034 неке тіркелген.
Сондай-ақ, статистикаға қарағанда, ажырасу дерегі ең көп тіркелген өңірдің көш басында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. ОҚО-да биыл 3 108 ажырасу актісі толтырылған. Ең көп ажырасу актісі тіркелген өңірлердің тізімінде Ақмола облысы 1-орында тұр. Ақмола облысында 2 771 неке, 1 508 ажырасу дерегі тіркелген.
kaz.tengrinews.kz