Ажалы ыстық судан болған: 3 әйелге қатысты жаңа дерек шықты

2 қаңтарда Көкшетау қаласында жылу құбырынан атқылаған ыстық судан 3 әйел адам қаза тапты. Жергілікті тұрғындар болған жайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға Василковка шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Құбырлардан атқылаған ыстық су алдымен пәтерді алып қалған, содан кейін үйдің кіреберісіне, баспалдаққа қарай аққан. Мұны тұрғындар байқап, бірден дабыл қағады. Бірақ олардың айтуынша, құтқарушылар өте баяу әрекет еткен.

«Біз, тұрғындар 109 нөміріне қоңырау шала бастадық. 109-дағылар бізге слесарларға немесе басқа жерлерге қоңырау шалыңыз деп, бір-біріне сілтеумен болды. Біз таңғы 4-5-ке дейін олар берген барлық нөмірге қоңырау шалдық. Содан кейін учаскелік полицияны шақырдық. Олар келгенде ыстық судан есікке жақындау мүмкін болмады», – дейді Көкшетау тұрғыны Жанна Көкешева.
Қазір қайғылы оқиғаның негізгі себебі анықталып жатыр. Сарапшылардың қорытындысы бір айдан кейін белгілі болады дейді мамандар.

«Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Медициналық куәліктің алғашқы қорытындысына сәйкес, әйелдердің өліміне күйік шогы себеп болған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнара Пинчук

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста