Ақтөбе облысы бойынша «Көркейе бер, туған жер!» акциясы басталды. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған игі шараға ақтөбелік өнер жұлдыздары және облыстық филармония өнерпаздары бірауыздан атсалыспақшы.
Акцияға белсене кіріскендердің арасында республикаға танымал белгілі композитор Бейбіт Оралұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, күйші Мақсат Тілепберген, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, әнші Есет Сәдуақасов, халықаралық байқаулардың жүлдегері, биші Асылым Көлеңкеева және «Аққу» би ансамблі бар. Өнер саласында елге танымал жұлдыздар қала, ауылдарды аралап, гастрольдік сапармен жолға шықпақ. Концерттік сапар Ақтөбе қаласында басталып, Мұғалжар, Ембі, Ойыл, Ырғыз және Әйтеке би елді мекендерінде жалғасын табады.
Жұлдыздар туған мекенге деген жүрекжарды сезімі мен ыстық ықыласын жазған сырлы әуендері мен шырқалар әндерімен жеткізіп қана қоймай, өздері туып-өскен ауылдарына кішкентай болса да шапағаттарын тигізіп кетуді көздеп отыр. Олар концерттен түскен қаржыға әр ауылдағы мәдениет ошақтарына қажетті шағын музыкалық аппаратура сатып алып бермекші.
Ауылдарға аппаратура әпермекші
Последние статьи автора