Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қажет: Қазақстан фермерлері Тоқаевтан көмек сұрады

«Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы – Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловқа ашық хат жолдап, отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын қосу туралы өтінішін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Фермерлер қауымдастығы басшысының айтуынша, күзге дейін жұмыс істейтін бағдарламаның болмауы сапалы өнімнің жоғалуы қаупіне және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің жалпы деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

«Елде егін жинау науқаны тамыз айының бірінші жартысында басталады, алайда өткен жылдары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында өзін жақсы көрсете білген ауыл шаруашылығы техникасын лизингке берудің қолданыстағы бағдарламалары бойынша қаражаттың болмауына байланысты бүгінгі күні ауыл шаруашылығы техникасын жаппай жаңарту мүмкін емес», - деп атап өтті Жигули Дайрабаев қауымдастықтың Facebook-тегі ресми парақшасында.
Бас фермер атап өткендей, ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми деректері бойынша ғана 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасы паркі 147,7 мың трактор мен 38,1 мың комбайнды құрайды. Бұл ретте техниканың тозу деңгейі 80%-ға дейін жеткен.

«Мәселенің маңыздылығын және егін жинау кезеңінің жақындап келе жатқандығына байланысты қысылтаяң мерзімдерді ескере отырып, Сіздің жәрдеміңізді, атап айтқанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-на бастапқы жарнасыз, сыйақы мөлшерлемесі 3%-ға дейін, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен қаржыландыру көлемі 50 миллиард теңге болатын ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингтеу бағдарламасын іске қосу туралы тиісті тапсырмалар беруді сұраймыз», - деді Ж. Дайрабаев.
Аталмыш шарттармен отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингтеу тетігін жедел іске қосу фермерлерге осы жылғы егін жинау науқанына қысқа мерзімде 1000 бірліктен астам трактор мен комбайн паркін жаңартуға мүмкіндік бермек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста