Ауруын жасырған өледі...

Ауруын жасырған өледі...

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бір жылдың ішінде ел азаматтарының орташа өмір сүруін 0,59 жасқа ұзартыпты.  Бұл – басты көрсеткіш. Одан бөлек, соңғы үш жыл ішінде аналар өлімі 3,7 есеге төмендеп, нәрестелердің шетінеуі – 25 пайызға, ал қан айналымы ауруларынан болатын өлім-жітім 20 пайызға төмендеген. Тәп-тәуір көрсеткіш-ақ. Алайда сапасына сай келмейтін мұндай сандық көрсеткіштер депутаттардың көңілін көншітпеді. Мәжілістегі Үкімет сағатында денсаулық сақтау басшысы Салидат Қайырбекованың баяндамасынан соң қалаулылар министр ханымға «лап» қойды. 
Алдымен сандық көрсеткішке тоқталсақ, министрлік тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көмегіне бағытталған қаржыны тиімді пайдалана бастаған. Мәселен, 2012 жылы 2,7 млн адам стационарларда жатып шығыпты. Күн сайын орта есеппен алғанда елімізде 2000-нан астам ота жасалыпты. Шағып есепке салсақ, былтыр бір күнде мыңға жуық әйел босанған. Ал тұрғындардың әрқандай шақыртуымен «Жедел жәрдем» бір күнде 18 мыңға жуық шығыпты. Сала-сала болып қабылданған бағдарламалар һәм басым бағыттар бойынша бір жылдары құл­ды­рап төмен кеткен көрсеткіштер де елдің жағ­дайы­ның жақсарып келе жатқанын көрсететіндей. Мәселенки, бір кездері қазаққа тән болып жабысқан құрт ауруы біршама ауыздықталған. Оның негізгі ошағы Ішкі істер министрлігінің жабық мекемелерінде көрінеді. Сол тұстағы туберкулезбен де министрлік бекем күреспек ниетте. Онкология саласында да озық техноло­гиялар келе бастады. Ендеше, нәтиже бір-екі жылдың ар жақ-бер жағында байқалады. Деген­мен денсаулық сақтау министрі Салидат Қайыр­бекова еліміздегі қан айналымы жүйесінен туын­дайтын аурулар көрсеткіші жалпы ауру­ларға шақ­қанда жоғары деңгейде қалып отырғанына алаңдайтынын жасыра алмады. Халық ара­сындағы өлім-жітім көрсеткішінде де осы ауру бірінші орында тұр. «Осыған орай, соңғы үш жыл­дың ішінде еліміздің барлық өңі­рінде 16 кар­диохирургиялық орталық пен бө­лім­дер ашылды.
Алдыңғы қатарлы технологиялар ен­гі­зу жүзеге асып та жатыр. Жүрекке 20 мың­нан астам ота жасалды. Өткір инсульт дер­тіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін өңірлерде халықаралық стандарт­тарға сай 20 инсульт орталығы ашылды. Ал ағым­дағы жылдың соңына дейін біз тағы да 20 орталықты ашуды жоспарлап отыр­мыз», – дейді министр Салидат Зекенқызы.
Азаматтар шетелдік емес, отандық клиникада емделеді
Министр мәліметіне сүйенсек, 2012 жы­лы Қазақстан азаматтарын шетелдерге емдеуге 680 млн теңге бюджеттен бөлін­ген. Бұл қаржыға 55 ауыр науқас, оның іш­інде 34 бала шетелдік клиникаларда ем қабылдаған. Ал сол 55 науқастың 30-ы ор­гандары мен тіндерін, оның ішінде кемік майын, бүйрек және бауырды транс­плант­тауға жіберілген екен. Денсаулық сақтау министрлігі шетелдерге емдеуге жібері­летін науқастарды азайту һәм оларды отан­дық клиникада емдеуге қатысты бір­шама шаруаның басын қайырған. Деген­мен медицина дамымай, технология кел­месе, ондайдың оңайға соқпайтыны да ай­қын. Ендеше, денсаулық жүйесіндегі іл­ге­рілеушілікті де осы тұстан байқауға әб­ден болады. Мәселен, былтырғы сен­сация – күрделі саналатын жүрек алмас­тыру ота­сы алғаш рет елімізде, отандық мамандар­дың қатысуымен сәтті жүзеге асты. Бұл ғана емес, 2012 жылы шетел­дер­ге емде­луге жіберілуі тиіс болған 99 науқас қазақ­стандық клиникаларда емде­ліп шыққан. Олардың ішінде 50 бүйрек транс­план­та­циясы, бір жүрек транспланта­циясы, ере­сектерге 22 кемік майы транс­план­та­ция­сы, балаларға 8 кемік майы транс­план­тациясы атқарылған. Сондай-ақ шетел­дік ма­мандарды шақыра отырып, 12 балаға Қазақстанда күрделі ота жаса­лыпты. Де­генмен бүгінгі таңда әлі де 161 науқас шетелдерге емдеуге жіберу кезе­гінде тұр. Олардың 133-і органдарды ал­мас­тыруға мұқтаж екен. «Осы орайда ер­екше атап өтетін жайт, науқастарды орган­дар мен тіндерді транспланттауға жіберу қаржыға емес, қажетті донордың табы­луы­на бай­ланысты. Ондай донорды іздеу­ге әдетте 6 айдан 2-3 жылға дейін уақыт кетеді», – дейді министр Салидат Қайыр­бекова.
Дәрігердің қателігін есепке алу жүйесі енеді
Саннан кейін сапаға қарай ойысқан Салидат ханым әуелі қандай да болсын қызметтің көрсетілген сапамен бағалана­тынын айтып, біршама жайтты мойын­дау­ға баратынын да ұқтырып алды. Сосын жұрт­шылық арасынан келіп түсетін арыз-шағымды саралап шықты министр. Оның айтуынша, жұрттан келіп түскен шағым­дар­дың басым бөлігі дәрігердің науқасты қараудағы және емдеудегі сапасына қа­тыс­ты екен. Сондай-ақ науқастарды қа­был­дауды ұйымдастыруға (ең бастысы – медицина мекемелеріндегі кезек мәсе­лесі) қатысты көп арыз түскен. Министр ханым мұндай шағымдардың үштен бір бөлігін негізді деп тани келе, басты проб­леманы тұрғындардың мемлекет кепілдік берген құқықтарды білмейтіндігімен ұш­тас­тырып әкетті. Сосын бірсыпыра тәуелсіз зерттеулерді алға тартты. «Жалпы, ден­саулық сақтау саласындағы дәстүрлі жү­йе­нің көп жағдайда сынға ұшырауына қарамастан, тәуелсіз зерттеушілердің де­рек­теріне сүйенсек, 82 пайыз респон­дент­ бұл жүйеге қанағаттанатындықтарын жет­кізген. Жүйенің «нашар» жағдайын әр­бір 6-шы сұралушы атап өтіпті. Бұл проб­лема­ларды шешуді былтырдан бері қолға алып келеміз», – дей келе, Салидат Зекен­қызы медициналық қызмет сапасын жақ­сарту мақсатында дәрігерлердің қателік­терін есепке алу жүйесі әзірленіп жатқанын жеткізді.
Дәулетті жұртты тісіне қарап танитын болдық па?
«Алла алдымен тісіңді алады, содан ке­йін ісіңді алады». Бізде неге тіс емдеу құны шарықтап кетті?» – деп бастады ден­сау­лық сақтаудағы проблеманың бірін көтерген депутат Қожахан Жабағиев. Оның айтуынша, тіс төңірегінде атқары­латын істің құн-пұлы тым қымбат. Қала­дағы тіс емдеу жүздеген мың теңгенің үсті­не шықса, ауыл халқының 50-60 пайызы тістерін сапалы емдете алмай жүрген көрі­неді. Яғни тісті тек қалталылар ғана емде­тетін жағдайға жеткендейміз. Сосын де­путат Қожахан Көкірекбайұлы «тісі саудың – іші сау» қағидатын еске сала келе, шет­елдегі қамқорлыққа тәнтілік білдірді. «Мәселен, Жапонияда «Тістің саулығы – ұлт саулығы» атты ұзақ мерзімді бағдар­лама бар. Бұл бағдарламаның мәні 80 жас­қа толған әрбір қарияның бүтін жиыр­ма тісі болуы шарт дегенге саяды. Ал бізде отыз жасқа толмай жатып, отыз тіссіз жүр­гендер жетерлік. Медицинаның бұл сала­сын нарыққа беріп, бақылаусыз қалдыр­ған жоқпыз ба?» – дейді Қожахан Көкірек­байұлы. Өз кезегінде денсаулық сақтау саласында ең бірінші боп жекешеге өткен тіс емдеу саласындағы проблеманы ми­нис­тр ханым еш жоққа шығара алмады. «Бү­гінгі таңда еліміздегі кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінде тісінің сырқаты жанына батқандарға шұғыл кө­мек көрсетілуі керек және балаларға, жүк­ті әйелдер мен әлеуметтік аз қамтылған азамат­тардың кейбір топтарына 10 қыз­мет түрі тегін көрсетіледі. Ауылға бар­ған­да бұл мәселенің өзекті екенін көргенмін. Бізде жылжымалы денсаулық пойыз­да­ры бар ғой, енді осындай стомато­ло­гиялық жылжымалы пойыздарды іске қос­сақ дей­міз», – деп қысқа қайырды министр.
Омархан ӨКСІКБАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– 1995 жылы мемлекеттік бюджеттен денсаулық сақтау саласына 30 млрд теңге бөлінсе, былтыр 739 млрд теңге жұмсал­ды. Яғни жыл сайын бюджет 1,5 есе, жал­пы алғанда, 24,4 есеге артқан. Елімізде басқа бірде-бір бағдарлама осындай қар­қынмен өскен жоқ. Сондықтан денсау­лық сақтау саласы қаржыдан тапшылық көріп отыр деп ешкім де айта алмайды. Ал осындай орасан зор көлемдегі қаржыға көміліп отырған әлеуметтік сала қалай жұмыс істеп жатыр? Шыққан шығындарға сай ұлт денсаулығы түзелді ме? Министр ханымның айтуына қарағанда, бірталай шаруа атқарылған. 60 мыңнан аса дәрігер, 120 мыңнан аса орта буынды медицина­лық қызметкер бар. Дегенмен жоғарыдағы сауалдарға мен толық жауап таппадым. Тіпті кейбір жағдайда бұл санның кері кету фактісі байқалады. Бір сөзбен айтқанда, денсаулық сақтау саласында саннан сапа­ға ауысатын кез жетті. Көрсеткіштерді тіз­бектей бермей, «әттеген-айларды» ашық ай­тып, солардың алдын алуымыз керек. Әйт­песе «ауруын жасырған өледі»...

Рамазан СӘРПЕКОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Жетістіктер бар, ел-жұрт біледі. Де­ген­мен осы саланың шалғайдағы жағ­да­йына көз жүгіртсек, біршама жайтты аңға­рамыз. Ана мен баланың әрбір өлімі біздің елімізде төтенше жағдай ретінде қаралуы тиіс деп санаймын. Өйткені біздің 400-500 грамм салмақпен туған баланы аман сақтап қала алатын жағдайымыз баршы­лық. Жан-жақты қамқорлық та қарасты­рыл­ған. Алайда кейбір жағдайға кері кету­лер орын алып отырғанын жоққа шығара алмаймыз. «Тісін емдеймін» деп тілін кесіп тастағандар, ер адамды «жүкті» етіп тас­та­ған фактілер де жоқ емес. Әрине, бұл ке­ремет жоғары біліктілікті емес, барынша жауапкершілікті талап етеді емес пе?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста