Ауруханаға науқас аз жатса, ауру кеміп кетеді дегенге кім сенеді?

Ауруханаға науқас аз жатса, ауру кеміп кетеді дегенге кім сенеді?

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі жаңа бір «жаңалықтың» құлағын қылқитқалы  біраз болды. Реформадан көз ашпай келе жатқан министрлік тағы бір «Америка ашуы­мен» адамдардың шамына тие бастады.  Яғни тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларға науқас аз түссе (ауруханаға жолдама аз берілсе деп түсінуге бо­лар) дәрігерлерге үстемеақы төле­мек. Бұған  «Аман-сау­лық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова қарсы дау айтып отыр.
Сондай-ақ кейбір сала мамандары стационарлы емдеуден «отказ»  алған науқастардың ауруы асқы­нып, созылмалы дертке ұшырауы мүмкін деп дабыл қағуда. Тіпті өліп кетуі де ғажап емес. Онсыз да екі иығынан әрең дем алып,  ауруы асқынып, қызуы көтеріліп тұрған министрлік жұртшылық тарапынан алғыс алмайтыны сөзсіз. Аз жалақыға жәутеңдеп отыр­ған медицина қызметкерлері енді аурухана­лар­дағы аз ғана орынды қызғыштай қорғамақ. Үсте­ме­ақы алу үшін. Тіпті өлім аузында жатқандарды да аурухана маңынан ит қосып қуаламасына кепілдік жоқ. Құры­лымның бұл қай мазағы деп көңілі көген­де­ліп жүр­ген­дер жетерлік. Жаңадан жаңалық ашқан Денсау­мин­нің көздегені медициналық қызметтің сапасын көтеріп, жұртшылық арасындағы профи­лак­­тикалық жұмыстарды нығайтпақ-мыс. Дәрі­гер­лердің тілімен айтқанда, «Жан басына белгіленген нор­матив компоненттерін қалыпты жағдайда ұстап отыру» (орысшасы Стимулирующая компонента подушево­го норматива), қысқа қайырғанда СКПН деп атала­тын бұл жүйе біраз жұртты жүйкелететін түрі бар. ҚР Ден­саулық сақтау министрлігінің  2011 жыл­дың 6 қаңтарында «Алғашқы медицина­лық-санитарлық көмек көрсету қызметіне қосымша ақы төлеу ту­ралы» №14 бұйрығы шыққан. Одан іле-шала 2011 жылы 17 наурызда осы заңға өзгертулер мен то­лық­тырулар ен­гізілген. Осылайша медицина қыз­меткерлерінің жағ­дайын жақсарту үшін біраз шар­уаның басын қа­йы­рып тастапты.
Науқастарды стационарға жатқызуды кеміткендегі мақсат – дәрігерлерге ана мен бала өлімінің алдын алу  үшін, түсік жасау­дың азайғандығы үшін, туберкулездің ерте анықталғаны үшін, жүрек-қан тамыр­лары ауруларының, созылмалы науқастардың стационарға жатуы кемігендігі үшін де «премия» қосылады екен. Бұдан шығатын қорытынды: ауруханаға науқас аз жатса, яғни ауру «кеміп» кететін көрінеді. Онда үстемеақы алу үшін ауыр да жұқпалы дерттерді жасыру оқиғаларының көбейіп кетпесіне кім кепіл? Тіпті медицина са­ла­сына қатысты арыз-шағымдардың азай­ғандығы үшін де үстемеақы қосылуы мүм­кін екен. Әй, қайдам,  бірақ соңғы бө­лім ешуақытта да орындалмайтын шығар. Өйт­кені қарша бораған арыз-шағым­дардың астында қалатын да осы Ден­саумин емес пе? Егер арыз-шағым тым көбейіп кетсе, онда дәрігерлер тіптен үстемеақысыз қалуы бек мүмкін. Ол жағына енді «га­рантия» беруге болады. Кеңес Одағы кезін­де ауруханадағы жатақ орны көп болса, соғұрлым жақсы деп сана­латын. Ал бүгінде орынды азайтқан­мен, ауру азаймай тұр. Азаюы мүмкін де емес.
Медицина саласында ми жетпейтін түсініксіз жайттар көбейіп барады. Тық десе, Денсауминнің басына барып тиеді. Оның үстіне, неше түрлі жаңашылдығымен жұрттың жүйкесін жұқартып бітті.  Ауру­ханаға жату үшін порталға енгізіліп, жол­дамаға қол жеткізу қияметтің қыл көпірінен өткеннен де қиын шаруаға айналды бүгінде. Ол үшін емханада бүкіл анализді тапсыру керек. Ауру азабы жанына батқан адамға таңертеңнен кезекке тұрып күту оңай ма? Одан қалса, рентгенге, УДЗ-ға, ЭКГ-ға түсу, оның нәтижесін күтуге де біраз уақыт кетеді. Ақырында ауруханаға бері­летін жолдамаға қол жеткізгенше ауруынан айығып,  не болмаса о дүниеге жолдама­сыз-ақ аттанып кетуіңіз мүмкін. Мұндай «алып кел», «шауып келден» шаршағандар қолын бір сілтеп, ақшасын төлеп, жеке кли­никада емделгенді дұрыс көреді. Ай­налып келгенде, мұның бәрі де жеке клиникалардың қалтасын томпайту үшін жасалып жатқан әрекеттей көрінетіні бар. Алайда жұрттың бәрінің жеке клиникаға емделетіндей қалтасы қалың емес, жедел жәрдемнің көмегіне жүгінудің де ауырт­палы­ғы зор. Ондағылар өлім аузында жатса да алып кетпейді. Ыстығы 40 гра­дус­тан түспей, ауруханаға жатқызуға бар­лық жағдайы келіп тұрған науқастың өзін алып кетпейді олар. Ертеңі үшін қорқады. Егер апарған науқасын аурухана қабыл­­да­май қойса, «103»-тің бастығынан таяқ жері сөзсіз. Расы осы. Енді тіпті ауыра қал­саңыз, ауру­хананың ауласына кіре алмай­тын  түріміз бар. Жаңалық ашудан шарша­май­тын Денсауминдегілер тіпті тегін емдейтін жердің бәріне тұмсығын тығып бітті. Енді аурухана біткенді ақылы етіп, жауып тынбаса жарар-ды. Ауруды адам сұрап алмайтыны белгілі. Ал ауыра қалған жағ­дайда «дәрігерге күніңді түсірмесін» дегеннен басқа амал кем.
Айгүл ИМАНАЛИНА, емдеу бөлімінің бастығы:
– Негізі, белгілі  индикаторларға байланысты, оның ішінде ана мен бала өлімінің көрсеткіші аз болса, туберкулезбен ауыратындар аз болса т.б көрсеткіштер нәтижесі аз болса, соған орай әр үш ай сайын үстемеақы қосылатын жүйе бар. Ол педиатр­лар­­ға, учаскелік дәрігерлерге беріледі. Науқас ауруханаға жолдама алып, емделіп шыққаннан кейін дәл сол диагнозбен қайтадан ауруханаға (яғни айына екі рет) түспесе, ол жақсы көрсеткіш болып саналады.  Бұл да үстемеақы қосуда ескеріледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста