Ауласын қардан тазаламаған қарағандылықтарға айыппұл салынады

Мұндай қатаң ескерту әсіресе шағын және орта бизнес нысандары мен жеке сектор тұрғындарына қатысты болмақ, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

 

Себебі көктем келе күн күрт жылынса, ауыл-аймақты айтпағанда қаланың маңындағы жер үйлердің көбі қызыл судың құрсауында қалуы мүмкін. Сондықтан полиция арнайы рейд жұмыстарын бастады.   

 

Мына ірі сауда үйінің өкіліне осыдан он күн бұрын ауызша ескерту жасалған. Бірақ тау боп үйілген қар сол күйі жатыр. Бүгін полиция тағы келіп, әкімшілік хаттама толтыруға мәжбүр болды.

 

Полицейлер осыған дейін қаланың жеке секторы мен бизнес өкілдеріне екі мыңға жуық ауызша ескерту жасаған. Араға он күн салып, аталған нысандарды қайта аралап жүр.

 

Ескертуді елемегендер бірден айыппұл арқалайды. Себебі қар күрт ерісе бірінші кезекте аталған үй иелері мен бизнес нысандарға қауіп төндіреді.

 

Бауыржан Мұхамеджанов, қалалық ПБ басшысының бірінші орынбасары:

 

- Үлкен кәсіпорын және кіші кәсіпорындарды тексеріп, 40- тан астам ұйғарымды қолдарына ұсынғанбыз, он күндік ішінде шара қабылданбағандықтан  біз қазіргі таңда ӘҚБ 505-бабына сай 11 әкімшілік хаттама толтырып, айыппұлдар салынған болатын. 

 

Жалпы, дүкендердің көбінің жаяу жүргіншілер жолының бойында тұратыны белгілі. Сондықтан нысан иелерінің қарды дер кезінде тазалмауы салдарынан тайып-құлап, жарақат алғандар да бар. Сондықтан қарапайым халық мұндай рейдтерді қолдап отыр.

 

Атап өткен жөн, заң бойынша шағын бизнес нысандарының өкілі өз ғимаратының алдындағы 5 метр жердің күтімін жасап, тазалап ұстауы тиіс. Осы уақытқа дейін олай жасамағандарға қатысты 1500 әкімшілік хаттама толтырылған. Оның 5-і ескертуді бір жыл ішінде екінші рет бұзғандар. Оларға салынатын айыппұл көрсеткіші де әдеттегідей 30 емес 40 АЕК – яғни 140 мың теңге шамасында болады.  

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста