Ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады және жел күшейеді, республиканың солтүстік өңірлерінің кей жерлерінде тұман, бұршақ жаууы мүмкін. Тек қиыр оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман болады.
Маңғыстау, Қарағанды, түнде Павлодар, күндіз Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.